kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

Тренингтің тақырыбы: «Қарым – қатынас мәдениеті»

29-03-2017
0

 

  Менлибекова Ақмарал Абдуманаповна

№57 ОМ педагог-психологы

Мақсаты:Өзін – өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстару, өзін – өзі бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.


     Міндеттері:

*    Қатысушылар бір-бірі туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс;

*     Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру;

*   Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру. 
      Қажетті құралдар: интербелсенді тақта, үнтаспа, фломастер, карандаш, магнит, клей, қайшы, ватман, «Кері байланыс» сауалнамасының бланкілері. 

Жұмыс жоспары:
1. Сәлемдесу. «Жылы жүзбен жүздесу»

2. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту»
3. Жаттығу «Жолбарыс жолбарыс мен қандаймын?»

4. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз»
5. Топтық ереже қабылдау 
6. Ойын «Атомдар»
7. Жаттығу «Жұптар»

8. Жаттығу «Сұхбат»
9. «Қуыршақ» терапиясы
10. Психологиялық тест. «Оң қол және сол қол»
11. Сауалнама жүргізу. «Кері байланыс»
12. Қоштасу «Достар, мен сіздерге тілеймін........»

 

Психолог:Құрметті әріптестер дәл бүгінгі болғалы отырған тренингте сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын. Біз біріміз білімді болып, биікке көтеріліп ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол адам ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар соны түсініп алу керек. Жақсылық пен жамандықты айыра білу керек, өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуі тиіс. Бүгінгі трнингтің тақырыбын «Қарым-қатынас мәдениеті» деп алған себебім де осы. Біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.

 

1. Сәлемдесу.«Жылы жүзбен жүздесейік»

       Мақсаты: қатысушыларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құрады және амандасу, сәлемдесу жайлы түсінік беріледі.
Ойын барысы: қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Амандық, сәлемдесу сөздерін әндетіп айтады.
Тренер: - Сәлеметсіздер ме, әріптестер!
- Сәлеметсіз бе, тренер?
- Қайырлы күн, барлық жақсылық өзімізге, бүгінгі күн сәтті болсын бәрімізге (тренер мен қатысушылар қолдарын жоғары қаратып жайып, сонан соң көкіректеріне қояды.)

 

2. Таныстыру. «Шеңбер бойымен ат айту».
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтып жұптасады. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін-бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік. /қатысушылар бір-бірімен амандасады/

- бір-біріне күлімсіреп қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу;

- оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу;

- оң жақ, сол иықтарын тигізіп селемдесу;

- маңдайларын бір-біріне тигізіп сәлемдесу;

- төс қағысып сәлемдеседі.

Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін қойылатын сұрақтар:

1. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

2. Сізге сәлемдесудің қандай әдісі ұнады?

 

3.«Жолбарыс жолбарыс мен қандаймын?»

Қатысушылар жолбарыс атты капшықтан түрлі-түсті стикерге жазылған қасиеттерді алып оқиды, /адал, адамгершілігі мол, мейрімді, шығармашыл, шыншыл, батыл, сүйкімді, жомарт, ақ көңіл, шапшаң, досқа адал, сенімді т.б./ егер тура түссе жас мамандар қол шапалақтап, таңдап алынған түстер бойынша топқа бөлініп отырады.

Мінеки байқағандарыңыздай бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау арқылы біз үлкен де, жылы шеңберімізді, қорғанымызды құрдық. Бүгінгі кездесуімізде, біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін – өзі тәрбиелеу жолдарын оқушылармен, әріптестермен қарым-қатынас жасау жолдарын анықтаймыз және өзімізді терең тани білуге тырысамыз.
Данышпан философ Фалес айтқан екен:
1. Дүниеде ең үлкен нәрсе - кеңістік.
2. Бәрінен жүйрік – ой.
3. Бәрінен дана – уақыт
4. Бәрінен жеңіл –басқаға ақыл айту.
5. Бәрінен қиын – өзіңді өзің тану, деген екен.
Сондықтан бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастаймыз. 
«Келген көктемнің күн шуағын бағыттап сізге денсаулық тілеймін» деп, шеңбер арқылы осындай тілектерді жалғастыру.
Енді орнымызға жайғасамыз.
- Рахмет, міне әрбір жүректен шыққан жақсы жылы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады жанымызға жайлы әсерінтигізеді.
Қарым-қатынас деген не? Қарым-қатынас адамдардың бір-бірімен әсерлесу және бір-біріне әсер ету процестерінің жиынтығы болып табылады. Ол адамдардың ақпарат алмасуы ғана емес, сонымен қатар олардың арасындағы эмоционалды байланыстың болуына ықпал етеді. Осы адамдар арасындағы байланыс мазмұны және байқалуы бойынша көп қырлы болып келеді.

         Әрбір адам өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғаны жөн. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы. Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады.


4. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз». Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл-күйді көтеруге, сонымен қатар бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «шалбар киіп отырғандар, алмұртты жақсы көретіндер, гитара тарта алатындар, сағат тағып жүргендер және т.б. орындарын ауыстырсын». 
Ойынның шарты түсінікті болғаннан кейін, орындарын ауыстыру жағдайы күрделене түседі. Енді сұрақтар қатысушылардың кәсіби қызметінің, білімінің ерекшеліктеріне және т/б. байланысты болуы керек. 
Мысалы, орындарын ауыстырады ...
- Өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;
- Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;
- Өз жұмыс жақсы көретіндер;
- 10 жылдан астам педагог болып жұмыс жасап келе жатырғандар;
- Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;
- Тренингке бірінші рет қатысып отырғандар; және т.б. 
Осы жаттығудан кейін, жауап берем деушілерден біріншіден, кімнің есінде кім туралы қалғандығы, ал екіншіден, кім өзі туралы басқалардын естерінде не қалғандығын айтқанын қалайды. Осылай, қатысушылар орындарымен ауысады. 


5. Топтық ереже қабылдау. 
Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе-аяқтарымен жерді тысырлатады. 
- ашық әңгімелесу
- белсенді болу және әзілдесе білу
- бағаламау
- өз еркімен қатысу
- осы жерде және дәл қазір

 

6. Ойын «Атомдар»
      Барлық қатысушылар музыка ырғағымен екі шынтағын көтере, қолдарын басына қойып, ортада жүреді. Жүргізуші «үш» деп қалып музыканы тоқтатқанда қатысушылар шынтақтарымен үшке біріге қалуы керек. Сол секілді, «4», «5» немесе «2» дейді. Соңында қатысушылар екі-екіден жұп болып тұруы тиіс. 

 

7. Жаттығу «Жұптар».
      Бір минут ішінде әр жұп бір-бірімен әңгімелесе отырып, көбірек ақпарат алмасулары қажет. Әңгімелесіп болғасын біреуі екеуіне ортақ 3 ұқсастықты, ал екіншісі 3 айырмашылықты атайды. 


8. Жаттығу «Сұхбат»
Әрбір қатысушы 3-5 минут ішінде топтың әрбір мүшесіне бір-бір сұрақтан дайындау қажет. Сұрақтар адамның ішкі жеке ерекшеліктеріне байланысты болуы керек – мінез-құлқы, қызығушылығы, әдеті және т/б. 
Негізгі ереже – мүмкіндігінше толық және шынайы жауап беру. Топтан бірінші болып сұхбат беруге дайын қатысушы, барлық топ мүшелерін көріп отыратындай, бетпе-бет қарап отырады. 
Топ мүшелері кезекпен дайындаған сұрақтарын қояды (осы қатысушыға). Сұхбат беруші рөлінде әрбір қатысушы болуы қажет. 
Талқылау
Жауап беру кезінде Сіз қандай сезімде болдыңыз?

 

9. «Қуыршақ» терапиясы

      Қуыршақ терапиясының мақсаты: қатысушының біріншіден ұжымдық ортада өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігін ашып, ортамен сырласуына септігін тигізсе, екіншіден логикалық және шығармашылық қабілетін арттырады.
Жайлы әуен қойып қатысушыларға жұмсақ әртүрлі қағаз салфеткадан қуыршақ жасауға ұсынылады. 10 минут уақыт ішінде ешкімнен көшірмей, қолыңдағы түрлі жұмсақ қағаздардан өз ойыңдағы қуыршақ үлгісін жасап, атын қойып, қуыршақ жайлы кішігірім мәлімет дайындаулары керек.
Жасаған қуыршақтарына /ат қояды, жас береді, неге қызығады, бойында қандай ерекшелігі бар, болашақта кім болғысы келетінін және алдағы мақсатын айтады./ әрбір қатысушы өзінің қуыршағын таныстырады. 

Қорытынды:«Қуыршақ сыйлау»
Қуыршақтармен қоштасу кезеңі.
Қатысушылар шеңбер жасап, отырады. Өздері жасаған қуыршақтарын басқа қатысушыға сыйлайды да, бір - бірлерінің қолдарын алады.
Талқылау: Жауап беру кезінде Сіз қандай сезімде болдыңыз?

 

10. Психологиялық тест.  «Оң қол және сол қол»

«Өзіңізді білесіз бе?»

Мақсаты: адамның мінез-құлқын жаттығу арқылы анықтау.

1.                  Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз, сіз бір саусақтың ұдайы

үстінде тұратынын аңғарасыз (оң немесе сол)

Оң саусақ

Сол саусақ

Аналитикалық ойлауы басым

Тым әсерленгіш ойлауы басым

2. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп

көріңіз

Оң көз

Сол көз

Сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды

Мінезіңіз жұмсақ және көнгіш

3. Қолдарыңызды кеуде тұсына айқастарыңыз

Оң қол үстінде тұрса

Сол қол үстінде тұрса

Сіз қарапайым, ақкөңілсіз

Назды қылықтарға бейім адамсыз

4. Қолыңызбен шапалақтаңыз

Оң қол ыңғайлы болса

Сол қол ыңғайлы болса

Сізге батылдық тән

Сіз шешім қабылдар алдында жиі қобалжисыз

1. ОООО

Жалпы бірдей қалыптан шыққысы келмейді. Жалпы қабылдаған пікірге мойын сұнуға бейімсіз. Дау-жанжалды, айтысуды ұнатпайсыз.

2. ОООС

Жасқаншақ, әлсіз тип, жылдам шешім қабылдай алмайды

3. ООСО

өте күшті қайраты мол, ойнақы мінезді тип. Мұндай адамдармен қарым-қатынасқа түсу оңай.олармен әзілдесіп, өз ойыңды батыл айтуға болады. Тез тіл тапқыш. Мінездің бұл түрі әсіресе әйел адамға тең.

4. ООСС

Мінездің сирек ұшырасатын түрі, жұмсақ, тез тіл табысады, жаңа ортаға баяу қалыптасады. өте сирек кездесетін тип.

5. ОСОО

Ойлау қабілеті жоғары, ең негізгі қасиеті-мінезі жұмсақ, өте сақ, шыдамды, өз есебін біледі, ұрыс-керіске бармайды, қарым-қатынас кезінде белгілі бір арақашықтықты ұстағанды қалайды. Төзімді және салқынды.

6. ОСОС

әйелдер арасында кездесетін әлсіз тип. Қорғансыз әртүрлі әсерлерге еліктегіш, конфликтіге бейім. 

7. СООО

Кең таралған тип. Кез-келген адаммен жылдам тіл табысады, әсірешіл, бірақ біреудің әсеріне тез еріп кетеді, талап қоюы төмен.

8. СООС

Мінезі жұмсақ, алаңғасар, сенгіш. Өзіне ерекше қарым-қатынастың болуын қалайды.

9. ССОО

Жылышырайлы, қарапайым, қызығушылығы шашыраңқы, ешкімге жаманшылық ойламайды.

10. ССОС

Қарапайым, кішіпейіл, сенгіш, ақкөңіл.

11. СССО

Сезімтал, қимылы ширақ, батыл адам, алайда шешімді асығыс қабылдайды, өте қайратты.

12. СССС

Тез бейімделгіш, тұйықтау. Әр нәрсеге жаңа көзқараспен қарайды, бірбеткейлігіде бар.

13. СОСО

Өте күшті тип. Өз айтқанынан қайтпайды және соны жүзеге асырады, қайраты мол, сенім нанымға көп берілмейді. Басқа адмның пікірімен санаспайды.

14. СОСС

Өте күшті тип, ешкімге салмақ түсірмеуге тырысады. Іштей жақтырмай тұрғанын бет-бейнесінен білдірмейді. Басқа адамның пікірімен санаспайды.

15. ОССО

әсірешіл, тұрақсыздау жаңа әсерлерге тез беріледі, ойнақы мінезді. Қарым-қатынаста өзін ерік ұстайды, ұрыс-керіс жағдайынан тез жол тауып шығады да, түк болмағандай жүре береді. Ер адамнан гөрі әйел адамдар арасында екі есе көп кездеседі.

16. ОССС

Ойлау қабілеті жоғары, тұрақсыз, тәуіелсіз бәрін өзі істегісі келіп тұрады. әдетте жұмсақ көрінгенімен, істі аяғына дейін жеткізу қажет болғанда талап қоғыш, тіпті қатал да бола алады.

     

 

 

11. Сауалнама жүргізу. «Кері байланыс»
Сабағымыздың соңында «Кері байланыс» сауалнамасын толтырамыз. (Барлық қатысушыларға сауалнама бланкілері таратылады.)
«Кері байланыс» сауалнамасы
1. Қатысушының тренингтегі аты ...
2. Сабақ болған күн ...
3. Сабақта қосылу, қатысу деңгейі 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
4. Сабақта қосылып, қатысып отыруға сізге не кедергі келтірді?
5. Сен үшін маңызды (пайдалы) болған, өзің туралы бір нәрсені түсіне алған оқиғалар, жаттығулар: ... 
6. Бүгінгі өткен сабақта саған не ұнамады? Не үшін? Себебі?
7. Сенің осы сабақтан кейінгі өзің туралы, осы топ, ұжым туралы ойларың ...
8. Жүргізушіге (психологқа) ескертулерің (мазмұны бойынша, сабақ түрі бойынша және т.б.) ...

12. Қоштасу «Достар, мен сіздерге тілеймін......»
Тренинг соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Кез келген қатысушы өзінің ұнатқан қатысушысының қасына барып, шапалақ соғу арқылы «Мен сізге тілеймін.....» деп бір жақсы тілек айту керек. Жаттығу осылай жалғаса береді. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017