МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - ӨМІРІҢНІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ

10-12-2015
0

Құрастырушы: «ШҚО білім басқармасының Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ- түрік лицейінің психологы Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы

Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің  отырысында қаралды: Хаттама № 1 «25»  қыркүйек  2015 жыл

Қоғамдық-гуманитарлық бірлестігінің  төрайымы: Аймухамбетова Ж.Н.


Әдістемелік  кеңес отырысында  келісілді: Хаттама № 2 «5» қазан 2015 жыл
Әдістемелік кеңестің төрағасы:   Рүстемова Г.Р. 

Автор өз жұмысында жасөспірімдер үшін мамандық таңдау – белгілі деңгейде кең ауқымды, әрі маңызды мәселенің бірі, мамандық таңдаудағы басты жетекші бұл өзінің жеке қалауы, сонымен қатар таңдаудың  көңілінен шығуы абзал екендігін ескеріп тақырыпты таңдаған.

Белгілі бір іске өзінің қабілеттілігі, икемділігі және тұлғаның өзін-өзі көрсету мүмкіндігі  ескерілген. Мамандық таңдауда өзін – өзі анықтау әр қырынан көруге болатын көпбаспалдақты үрдісін ашып, жүргізілетін үйірменің болашақта әр оқушыға қоғамда өз орнын табуға, дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізетіндігін атап өткен.  Бұл бағдарламаның маңызы да осы. Сондықтан бұл жеке мәселе ретінде қарастырылған.

Бағдарлама оқушы мінез-құлық өзгерісін анықтау, мамандыққа бейімін саралап өзін тануына және икемділігі мен дарындылық қабілетін ескеру мақсатында бірнеше тақырыптар мен бөлімдер жеке қарастырылған. Оқушының жекелей психологиялық ерекшелігі, табысқа жету  мотивациясы, мамандық таңдауда түрлі аспектілерді ескеру мәселелері және психологиялық кеңестер мен психодиагностикалық жұмыстар негізінде жүзеге асырылатын тесттер, сауалнамалар ұсынылған. Осы орайда бұл бағдарлама негізінде  оқушының құзіретті  жеке тұлға қалыптастыруға ықпал ететіндігі сөзсіз.

Автордың «Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» атты әдістемелік құралы талаптарға сай жазылған.

Пікір жазушы:   Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің педагогикалық  психология  кафедрасының меңгерушісі,  психология ғ.к., доцент Джумажанова Г.К.