Республикалық олимпиадалар мен жарыстар
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24-03-2017
0
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы №638 «2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы» бұйрығының негізінде13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Бұл математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен республика бойынша үздік деп танылған оқушылар арасындағы зияткерлік сайыс. Республикалық олимпиада өз болмысы мен мазмұны тұрғысынан Президентіміздің «Зияткер ұлт - 2020» ұлттық жобасының идеясына сәйкес келеді. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері ретіндеоқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру, теориялық білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік…
«Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы - 2017» конкурсын өткізу туралы ақпараттық хат
09-03-2017
0
«Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы - 2017» конкурсын өткізу туралы ақпараттық хат
Жаңғырту және инновациялық даму - Қазақстанда барлық азаматтарымыз үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге, ХХІ ғасырдағы әлемдік бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін жалғыз жол. Осы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу барысында жеке тұлға үшін басты қасиеттер - бастамашылдық, шығармашылық ойлау және шығармашылық шешім табу қабілетілігі, кәсіби жолын таңдай білуі, өмір бойы білім алуға ұмтылыс. Осы көрсетілген дағдылар балалық шақтан бастап қалыптасады. Бұл үрдісті іске асыру барысында мектептің алатын орны өте маңызды. Қазіргі заманауи мектептің негізгі міндеті - әрбір оқушының қабілеттерін ашу, әлемдегі жоғары технологиялық бәсекеде  өмір сүруге қабілетті, білімі лайықты және ұлтжанды жеке тұлға тәрбиелеп шығу. Мектепте тәрбиелеу және білім беру үрдісі түл…
Дарынды балаларға - талантты ұстаз» XІІ республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат хаты
02-03-2017
0
Дарынды балаларға - талантты ұстаз» XІІ республикалық педагогикалық  олимпиадасын өткізу туралы ақпарат хаты
Білім беруді дамытудың басымды бағыттарының бірі зияткерлік мәдениеттің барлық саласында адами әлеуеттің дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Еліміздегі қазіргі таңда болып жатқан өзгерістер, қоғамның жедел түрде ақпараттануы және дамуы, білім саласына қойылатын талаптарды өзгертуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық білім беру жүйесінің жаңаруы модернизация процесінде табысқа жетудің бірден-бір факторы болып табылады» деп атап кеткен. Бүгін ол барлық басымды бағыттар бойынша жүзеге асып келеді. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы маңызды мәселе болып,білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді қалыптастыру. Жас мамандар – мемлекетіміздің дамуының басты ресурсы. Жас мұғалімд…
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы туралы ақпарат (2017 жылғы 14-17 ақпан, Алматы қаласы)
27-02-2017
0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы туралы ақпарат (2017 жылғы 14-17 ақпан, Алматы қаласы)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БҒМ) 2016 жылғы 20 қазандағы бұйрығын орындау мақсатында «Дарын»» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ұлттық ғылыми академиясының сүйемелдеуімен 2017 жылғы 14-17 ақпан күндері Алматы қаласында «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындареспубликалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді. 2016-2017 оқу жылында INTELISEFғылыми комитетінде ғылыми конкурстың алғашқы мектепішілік кезеңіне 17991 оқушы 15535 жобамен тіркелді, оның ішінде қазақ тілінде 10619 оқушы. ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес екінші (іріктеу) тестілеу кезеңінен 2476 жеңімпаздар мен жүлдегерлер  өтті. Сараптама кезеңіне тестіл…
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізудің (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада) Ережесі
20-02-2017
0
Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты XI республикалық қашықтық олимпиадасын өткізу жайлы ақпараттық хат
08-02-2017
0
 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  мемлекеттік тілдің рухани дамуы және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша   «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты  XI республикалық қашықтық олимпиадасын  өткізеді. Олимпиада екі кезеңде өтеді: 1 кезең – қашықтан ұйымдастыру ерікті, ұйымдастыру жарнасы – 350 тенге. Кезең2017 жылдың 24 ақпанында сағат  09:00 ден  13:00 дейін (Астана уақыты бойынша)   www.daryn.kzсайтында оn-line желісі арқылы өтеді. Кезеңнің өту уақы…
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының психологтары арасында психологиядан республикалық қашықтық олимпиаданы өткізу туралы ақпарат
30-01-2017
0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылғы 15 ақпан күні білім беру ұйымдарының психологтары арасында психологиядан  республикалық қашықтық олимпиадасын  өткізеді. Олимпиаданың мақсаты шығармашыл психологтарды анықтау және қолдау, кәсіби іс-әрекеттеріне ынталандыру. Қашықтықтан өткізілетін Олимпиада ережесін жүктеп алу . Қатысушылар Олимпиада тапсырмаларын www.daryn.kz сайтында онлайн режимде орындайды. Олимпиаданың  тапсырмаларын орындауға - 40 минут беріледі. Тапсырманың барлық саны 30 сұрақ. Олимпиада тапсырмалары 15 ақпан күні  сағат 14.00-ден – 17.00-ге дейін Астана уақыты бойынша қол жетімді болады. Олимпиадаға қатысу үшін: 1. www.daryn.kz сайтындағы қашықтық…
Ақпараттық хат 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының XII «Зерде» республикалық конкурсын өткізу жайлы
25-01-2017
0
Ақпараттық хат 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының  XII «Зерде»  республикалық конкурсын өткізу жайлы
      Бастауыш және орта буынды оқушылардың  интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен  оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы 2017  жылдың 15 - 17 наурыз  айында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының (Ақмола облысы, Щучье қаласы) базасында оқушылардың зерттеу жобаларының мен шығармашылық жұмыстары  XII  республикалық «Зерде» конкурсын өткізеді.   Конкурсқа келу күні – 2017 жылдың 15 наурызында сағат 13.00 дейін.  Конкурстың салтанатты ашылуы -  15 наурыз  сағат 15.00-де. Зертеу жұмыстарын қорғау 16.00-де басталады. Конкурстың салтанатты жабылуы  - 17 наурыз  с…
11-сынып оқушылары үшін "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпараттық хат
20-01-2017
0
Дарынды оқушыларға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының басшылығымен "әл-Фараби" атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын Қазақстан республикасынң білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Республикалық  олимпиадасын өткізеді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2014 жылдың 12-қарашасындағы №460 бұйрығына сәйкес  Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне  "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасы еңгізілген. 2007 жылдың 27 шіл…
IV «Ясауи» республикалық пәндік олимпиадасын өткізу туралы ақпарат
11-01-2017
0
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дарынды оқушыларды дамыту және қолдау көрсету мақсатында IV«Ясауи» республикалық пәндік олимпиадасын өткізбек (бұдан әрі – «Ясауи» Олимпиадасы). «Ясауи» Олимпиадаcы –  білім беру ұйымдарының барлық мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған.  «Ясауи» Олимпиадасы екі кезеңде  таңдалған: физика, математика, биология, химия, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндері бойынша өткізіледі. Iкезең – іріктеу – 2017 жылдың 1, 2, 3, 4 наурызында онлайн түрде өткізіледі; II кезең – қорытынды –  2017 жылдың 5, 6,…
Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша IX Президенттік олимпиаданың қорытынды ақпараты
28-11-2016
0
Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша  IX Президенттік олимпиаданың  қорытынды ақпараты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдан бері ұйымдастыруымен өткізілетін математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау үшін өткізілетін іс-шаралардың бірі болып табылады. Президенттік олимпиаданың идеясы – қазақстандық оқушылардың білімін жоғарылату, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру. Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі Қазақстан Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар аясында,  Елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өткізілді. Мемлекет Басшысының еңбек тәжірибесі нағыз патриотизмнің үлгісі болып табылады. Еліміздің Президент…
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ІХ Президенттік олимпиаданың қашықтықтан кезеңінің өткені жөніндегі ақпараттық хат
18-11-2016
0
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша  ІХ Президенттік олимпиаданың қашықтықтан кезеңінің өткені жөніндегі ақпараттық хат
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2016 жылдың 23 – 26 қараша аралығында Теміртау қаласында (Қарағанды облысы) республиканың 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ІХ Президенттік олимпиадасын өткізеді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша өткізілетін  олимпиаданың басты идеясы – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, мықты патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту. Президенттік олимпиада 3 кезеңнен тұрады. А.ж. 20 қазанында– I кезең – аймақтық өткізілді. Аймақтық кезеңде 1024 мектептен барлығы 2708 мектеп бітіруші қатысты. (646-сы мамандандырылған, 855-і ауылдық мектептерден). Оның қазақ тілінде оқытат…

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 9 соңғысы