Аймақ жаңалықтары
"EРТІС ДАРЫНЫ" ӨҚББОӘО: Халықаралық олимпиадада облыстар арасындағы ең үздік көрсеткіш
17-01-2017
0
       2017 жылғы  10 – 17 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатикадан өткізілген ХІІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 16 мемлекеттен 400-ге жуық оқушы қатысты.      Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы өзге облыстарға қарағанда, Алматы және Астана қалаларымен қатар үздік көрсеткішке ие болды. Өңіріміздің командасы 3 медальға ие болды, оның ішінде 1-і алтын және 2-і қола.         Павлодар облысының командасы 3 мектептің оқушыларынан құралған. Олардың қатарында дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 5 оқушысы: Баронча Георгий, Шора Азамат, Шабалина Анастасия, Барит Нұрғиса және Фролова Дарья, «Жас дарын» маманда…
Шығыс дарыны: Балаларға арналған «Қарлы ертегі»
11-01-2017
0
Шығыс дарыны: Балаларға арналған «Қарлы ертегі»
ШҚО білім басқармасының «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында 2017 жылдың 3-8 қаңтары аралығында облыстың дарынды, белсенді оқушыларына арналған «Қарлы ертегі» қысқы каникул ауысымы өтті. Жылдың бұл мезгілінде Таулы Үлбінің табиғаты ерекше керемет. Басын қар басқан таулар, тамаша қарағайлар мен шыршалар, таза ауасы адамға өте жақсы әсер береді. Балалар өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін «Қазіргі заманғы ертегі», «Дарын-star», «Жас актер», «Қар патшайымы» конкурстары кезінде көрсете алды. Әрбір іс-шара барысында концерттік бағдарламалар, ойындар өткізіліп, балалар белсене қатысты. Ең белсенді қатысушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Барлық балалар қызықты үйірмелерге: хореография студиясы,…
"ЕРТІС ДАРЫН" ӨҚББОӘО: Павлодар облысының 200 мектебінде шахмат үйірмелері салтанатты түрде ашылды
10-01-2017
0
Шахмат – балаларға жағымды эмоция, рахат сыйлайтын көнеден келе жатқан қызықты ойын түрі. Ол баланың ойлау қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтіп, ойлауға, мұқият болуға, есте сақтауға, салыстыруға, жалпылауға, өз қызметінің нәтижелерін алдын ала көруге үйретеді. Павлодар облысы әкімінің бастамасымен 2017 жылғы 9 қаңтарда облыстың 200 мектебінде, оның ішінде 110 ауылдық мектепте атақты шахмат ойыншыларын, облыстың спорт ардагерлерін шақырта отырып, шахмат үйірмелері салтанатты түрде ашылған, болатын.Аталған жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 126 млн. теңге бөлінді.  Үйірмелерді салтанатты түрде ашу шеңберінде 3121 адамнан астам оқушы қамтылған бір реттік ойын сеансы ұйымдастырылды. Павлодар қаласының № 25 жалпы білім беру мектебіндегі шахмат үйірмесінің салтанатты…
"ЕРТІС ДАРЫН" ӨҚББОӘО: Павлодар облысының зияткерлік әлеуеті
10-01-2017
0
2017 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 55 облыстық пән олимпиадасы өткізілді.           Облыстық пән олимпиадасына 3 (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26  команданың 733оқушысы қатысты.               Құрамы бойынша саны жағынан ең үлкен командалар – дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі – 56, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі – 49, Павлодар қаласының құрамасы – 59 оқушы.     Аудандар арасында құрам…
Шығыс дарыны:Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
10-01-2017
0
Шығыс дарыны:Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Ғылым мен білім – бұл елімізге бедел мен әлемдік танымалдылық беретін күш.  Бұл күштің иесі – мемлекеттің болашағы мен мәдени құндылықтарын қалыптастыратын жастар. Бұның бәрі инновациялық әлеует, әлемдік интеграциялық үдерістердің маңызды құрамдас бөлігі. Яғни, біздің еліміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Әлемдік ғалымдар мен саясаткерлердің бұл сөздерінде бүгінгі таңға дейін шындықтың астары бар.  Республикалық пәндік олимпиада 2016 жылдың қазанында облыстың 586 мектебінде басталып, қалалық/аудандық кезеңге жолдама алатын 11041 мектепшілік кезеңнің жеңімпаздарын анықтады. Олимпиаданың облыстық кезеңіне қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаз оқушылары қатысты. 2017 жылдың 5-6 қаңтары аралығында бүкіл облыстан жиналған 730 қатысушы Өскемен қа…
Ертіс дарыны:Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев шығармашылығының білгірлері
23-12-2016
0
Ертіс дарыны:Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев шығармашылығының білгірлері
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде жалпы орта білім беру оқу орындарының 5-11 сынып оқушылары арасында ІV облыстық Мағжан оқулары  өткізілді. Жыл сайын облысымызда Мағжан Жұмабаев рухани мұрасын білетін оқушылар арасында осы конкурс өткізіледі. Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары  - 49 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқуды белсенді көрсетті, жас дарындар өз туындарын оқыды, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының, Екібастұз қаласы, Лебяжі, Баянауыл, Ертіс аудандарының оқушылары  жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында оза шығып көр…
Ертіс дарыны:Павлодарлық оқушылар өз жобаларымен таныстырды
13-12-2016
0
Ертіс дарыны:Павлодарлық оқушылар  өз жобаларымен таныстырды
«ЭКСПО-2017» тақырыбын арқау еткен көрмеге барлығы 18 жоба ұсынылды. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша №3 гимназияның оқушылары Анна Макеева мен Жаслин Жанғазинованың «Көшені жарықтандыру станциясы үшін мобильді құрылғылар», облыстық көпсалалы лицей оқушысы Еренгайып Кобландының «Жер орбитасының айналасында аппарат қолдану» және "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің   оқушысы Алуа Мақатова "Үйге қауіп төнгені туралы GSM ұялы байланысы арқылы SMS хабарлама жіберетін күзет үшін электр энергиясының баламалы көзін пайдалану" тақырыбындағы жобалары үздік деп бағаланды. «Электр жүйесі жоқ жерлерде күн батареясынан қуат алатын аталмыш құрылғы нысан иесіне күзетілетін аймаққа бөтен адамның түскені туралы ұялы телефон…
Ертіс дарыны:Павлодарлық ҚТЛ-дің он бірінші сынып оқушылары миллион теңге жеңіп алды
13-12-2016
0
Ертіс дарыны:Павлодарлық ҚТЛ-дің он бірінші сынып оқушылары   миллион теңге жеңіп алды
Облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары көзі нашар көретін адамдарға арналған бағасы 16000 тенге құрайтын жобаны дайындады деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Ал осы құрылғының қолда барлары екі мың долларды құрайтыны туралы агенттікке ҚТЛ-нің директоры Рамазан Баяр айтты.   Директордың айтуынша, NURINTECH инновация жобалар республикалық  жастар конкурсына барлығы 699   өтініш түскен. Дегенмен сараптау комиссиясы соңғы мәреге 32 жобаны іріктеп алған. Конкурс қорытындысында Данияр Серіков, Әлішер Жанболат және Мақсат Байғазы  бірінші орын мен бір миллион теңге сыйақы жеңіп алды.  Облыс намысын қорғаған шәкірттер көзі нашар көретін адамдарға арнайы веб-камера және интерактивті пернетақтамен жабдықталған Брайль ди…
Ертіс дарыны:Павлодар облысы жетістіктер шеруі
13-12-2016
0
Ертіс дарыны:Павлодар облысы жетістіктер шеруі
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – бұл, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идея негізінде қазақстандық қоғамның жасампаздығы мен жүзеге асырылуы, бірлігі және біріккен ұлы жолы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдыз күні шеңберінде 9 желтоқсан Білім күні болып табылады. Елбасының бастамасымен іске асырылған жаңғырту, бірегей инновациялық жобалар, қазақстандық білім беруді сапалы өзгертіп, оны халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етті. Мерейтой күні қарсаңында жетістіктер бағаланып, жұмыстар қорытындыланып, жаңа тың ойлар бастау алады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық баяндамасының қорытындыларымен Павлодар облысы білім берудің барлық деңгейі бойынша…
«Біз жеңісімізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз» тақырыбындағы кездесу
12-12-2016
0
«Біз жеңісімізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз» тақырыбындағы кездесу
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай 2016 жылғы                      1 желтоқсан күні  облыс әкімі Б.Сапарбаев облысымыздың елеулі жетістіктері бар 28 дарынды балалармен кездесті.              «Біз жеңісімізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                                   25 жылдығына арнаймыз»тақырыбындағы кездесуАқтөбе облыстық мамандандырыл…
Ғылымға жастайынан
07-12-2016
0
Ғылымға жастайынан
Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, республикалық, халықаралық конкурстарға ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен дайындау мақсатында 2016 жылдың 6 желтоқсан күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты негізінде Павлодар облысының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) конкурстарының 259 ғылыми жобаларымен 327 жеңімпаз бен жүлдегерлері 16 секция бойынша қатысты: физика, Жер және Космос туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әде…
Шығыс дарыны: «Мәңгілік Ел» - XXI ғасырдағы Қазақстанның Ұлттық идеясы.
06-12-2016
0
Шығыс дарыны: «Мәңгілік Ел» - XXI ғасырдағы Қазақстанның Ұлттық идеясы.
Бүгінгі таңда Қазақстан – мықты мемлекет! Тәуелсіз және өз болашағына сенімді! Оның қалануында Тұңғыш Президенттің – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасы басты рөл атқарды. Бүгінде Елбасы Ұлт көшбасшысы, өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылады. Сол себепті, ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 30 қарашасынан 1 желтоқсаны аралығында Тұңғыш Президент күніне орай белсенділер мен көшбасшылардың облыстық «Мәңгілік Ел: болашаққа ұмтылған ел» конкурсы өтті. Өзінің таланттары мен жетістіктерін көрсету мақсатында Өскемен қаласына Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларынан 340 белсенділер мен көшбасшылар жиналды. Жарыстың басты мақсаты – Қазақстанды қалаушы нағыз патриоттар мен жас белсенділердің жаңа буынын тәрбиелеу. Конк…

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 15 соңғысы