Ойын-жарыстар және бейіндік мектептер
Облыстың 200 мектебінде шахмат үйірмелері ашылды
10-01-2017
0
Облыстың 200 мектебінде шахмат үйірмелері  ашылды
Шахмат – балаларға жағымды эмоция, рахат сыйлайтын көнеден келе жатқан қызықты ойын түрі. Ол баланың ойлау қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтіп, ойлауға, мұқият болуға, есте сақтауға, салыстыруға, жалпылауға, өз қызметінің нәтижелерін алдын ала көруге үйретеді. Павлодар облысы әкімінің бастамасымен 2017 жылғы 9 қаңтарда облыстың 200 мектебінде, оның ішінде 110 ауылдық мектепте атақты шахмат ойыншыларын, облыстың спорт ардагерлерін шақырта отырып, шахмат үйірмелері салтанатты түрде ашылған, болатын.Аталған жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 126 млн. теңге бөлінді.  Үйірмелерді салтанатты түрде ашу шеңберінде 3121 адамнан астам оқушы қамтылған бір реттік ойын сеансы ұйымдастырылды. Павлодар қаласының № 25 жалпы білім беру мектебіндегі шахмат үйірмесінің салтанатты…
Ғылым негіздері бойынша өткізілген оқу-жаттығу жиындарының қорытынды ақпараты
04-01-2017
0
Ғылым негіздері бойынша өткізілген оқу-жаттығу жиындарының қорытынды ақпараты
2016-2017 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ құрама команда мүшелерінің алда өткізілетін Халықаралық олимпиадаларда табысты өнер көрсетуіне дайындау мақсатында 2016 жылдың желтоқсан айының 18 және 29 күндері аралығында Алматы қаласында ғылым негіздері бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті. Математика, физика, химия, география, лингвистика және биология пәндері бойынша оқу-жаттығу жиындары 2016 жылдың желтоқсан айының 18 және 29  аралығында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткізілді. Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 90 оқушы қатысты. Информатика пәнінен оқу-жаттығу жиындары 2016 жылдың  желтоқсан айының 18 мен 29 аралығында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында өтті. Жиын барысында 10 жаттығу сайысы өтті. Оқу-жаттығу жиындары…
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
21-12-2016
0
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 2016 жылдың 16-20 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласында «Ақ бота - 2016» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарына мәдени-танымдық ауысым ұйымдастырды. Мәдени-танымдық ауысымның мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, рухани құндылығын,  патриоттық сезімін қалыптастырып, әсем қаламен таныстыру. Мәдени-танымдық ауысым қатысушылар құрамына Республикамыздың барлық өңірлерінен 7-9 сынып аралығындағы 14 оқушы кірді. Әрине, оқушыларға мазмұны терең, қаланың көрікті жерлерін толығымен дерлік қамтитын тыңдағанға қызықты және экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды. Эксурсия әлемдегі және Ресейдегі ең үлк…
«Ақ бота - 2016» интеллектуалдық марафонының қорытынды ақпараты
21-12-2016
0
«Ақ бота - 2016» интеллектуалдық марафонының  қорытынды ақпараты
«Дарын» РҒПО Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 28 қазанда республиканың барлық білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында «Ақ бота – 2016» интеллектуалдық марафоны өткізілді. Марафонның негізгі мақсаты мен міндеттері: дарынды балаларды анықтау мен қолдау, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, оқушылар арасында интеллектуалдық ойындарды, конкурстар, олимпиадаларды тарату, жетістікке жетуге ынталандыру.   Марафон қорытындысы бойынша  ағымдағы жылы республикалық білім беру ұйымдары оқушыларының танымдық конкурстарға қызығушылықтары артып келе жатқанын байқауға болады. Марафонға қатысудан көшбасшылар қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы (15 000 астам), Қарағанды облысы (14 000 астам), Шығыс Қазақстан облысы (11…
Минск қаласында өткен физикадан оқу-жаттықтыру жиындарының қорытындылары туралы (2016 жылғы 10-19 қазан, Минск қаласы, Беларусь)
21-10-2016
0
Минск қаласында өткен физикадан оқу-жаттықтыру жиындарының қорытындылары туралы (2016 жылғы 10-19 қазан, Минск қаласы, Беларусь)
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы физикадан Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшелерін алдыңғы уақыттарда өткізілетін Халықаралық олимпиадаларға дайындау мақсатында «физика» пәнінен оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастырды. Оқу-жаттықтыру жиындары 2016 жылғы 10-19 қазан аралығында Белоруссия астанасы Минск қаласында орналасқан Белоруссия мемлекеттік университеттің базасында өткізілді. Сабақтарды Слабодянюк Анатолий Иванович - Белоруссия мемлекеттік университетінің жалпы физика кафедрасының меңгерушісі, физика олимпиадасының қазылар алқасының төрағасы, Халықаралық физика олимпиадасына қатысушы құрама командасының жетекшісі, Маркович Леонид Григорьевич - жалпы физика кафедрасының аға оқытушысы, физика олимпиадасының қазылар алқасының мүшес…
Лингвистикадан халықаралық лагерге Қазақстан құрама командасының қатысуы туралы қорытынды ақпарат
05-09-2016
0
Лингвистикадан халықаралық лагерге Қазақстан құрама командасының қатысуы туралы қорытынды ақпарат
Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы №400 «Қазақстан Республикасы құрама командасының 2016 жылғы халықаралық лагерлерге қатысу туралы» бұйрығының және ұйымдастыру комитетінің шақыруы негізінде 2016 жылғы 27 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Румыния мемлекеті, Арефу қаласына халықаралық Кенгуру лагеріне «Алтын жабағы» сайысының жеңімпаздарының арасынан 5 оқушы  қатысты. Жазғы лагерь бағдарламасы балалардың демалысының есте қаларлықтай түрлі іс-шараларға толы қызықты етіп ұйымдастырылған. Сурет салу, латина биі, музыка және ритм, футболка мен стаканға сурет салып үйрену, компаспен бағдарлануға үйрену, космосқа шолу және т.б. қызықты іс-шаралар өткізілді. Балалар музыка және ритм секциясына және латина биіне белсене қатысты. Секциядан тыс б…
XX Азиялық ғылыми лагерьге Қазақстан құрама командасының қатысуы туралы қорытынды ақпараты (Бангалор қаласы, Үндістан , 21-27 тамыз, 2016 жыл )
29-08-2016
0
XX Азиялық ғылыми лагерьге  Қазақстан құрама командасының қатысуы туралы қорытынды ақпараты (Бангалор қаласы, Үндістан , 21-27 тамыз, 2016 жыл )
2016 жылдың 21-27 тамыз аралығында Үндістанның Бангалор қаласында  10 мерейтойлық Азиялық ғылыми лагері  өтті.  Қазақстан құрама командасының атынан төрт оқушы қатысты:  Шабалина  Анастасия ( 10 сынып, №8 Мектеп-лицей, Павлодар қаласы ), Танабай Исламбек  ( 10 сынып,  Нұрмақов атындағы ОМИ, Қарағанды қаласы), Сейтеш Арай ( 10 сынып, РФММ, Алматы қаласы ),  Кабульдинова Аина ( 10 сынып, ДБМ «Зерде», Астана қаласы).  Ғылыми лагерь бағдарламасына  Тайланд, Сингапур, Малайзия, Қытай, Австралия, Түркия, Израиль, Үндістан, Ресей, Вьетнам, Корея сияқты мемлекеттерден оқушылар қатысты.  Барлық қатысқан мемлекеттер саны 26, оқушылар саны220.  Барлық қатысушылардың  бір- бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуы  мақстанда…
География және информатика пәндері бойынша өткен оқу-жаттығу жиындарының қорытынды ақпараты
19-08-2016
0
География және информатика пәндері бойынша өткен оқу-жаттығу жиындарының қорытынды ақпараты
2016  жылдың жоспары негізінде Қазақстан Республикасының командасының Халықаралақ олимпиадаларда табысты өнер көрсетуі үшін Алматы қаласында 2016 жылдың тамыз айының 3 және 14 күндері аралығында информатика және география пәндерінен оқу-жаттығу жиындары өтті. География пәні бойынша өтетін халықаралық олимпиаданың (IGeo) оқу-жаттығу жиындары 2016 жылдың тамыз айының 4 және 14  аралығында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің базасында өтті. Өткен жиындардың қорытындысы бойынша  оқу-жаттығу жиындарына 4 оқушы қатысты: Нурманова Малика, Жумабеков Газиз, Айтжанова Алина, Каиргалиев Мерей. Лекциялардың мазмұны мен жасалған бағдарламалар, теориялық және практикалық тапсырмалар халықаралық олимпиадалардың тапсырмалар…
Жазғы компьютерлік мектептің қорытынды ақпараты
19-08-2016
0
Жазғы компьютерлік мектептің қорытынды ақпараты
2016 жылдың 27 шілдесі мен 16 тамыз аралығында Кострама облысының Судиславль ауылында  «Берендеевы поляны» демалыс базасында жазғы компьютерлік мектептің тамыз айындағы кезеңі өтті. Іріктеу нәтижелері бойынша олимпиадалық резервтегі мектеп оқушылары: Кайырлы Нурлыхан, Тлекбай Бекзат, Омаров Рауан и Хайреден Айбын тамыз айындағы кезеңге өтті. Жазғы  компьютерлік мектеп 1999 жылдан бері жыл сайын өткізілуде. Мектеп бағдарламаларды зерттейтін, алгоритм теориялары және осыларға байланысты зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушыларға бағытталған. Оқушылар жазғы  компьютерлік мектепке Россия, Белоруссия, Украина, Қазақстан және Тәжікістан сияқты әр түрлі аймақтардан қатысты Алгоритмдік бағдарламалауға арналған белсенді оқытумен қатар баскетбол, үстел теннисі, ал…
Республикалық команданың Халықаралық математикалық лагерьге қатысу туралы қорытынды есебі
19-08-2016
0
Республикалық команданың Халықаралық математикалық лагерьге қатысу туралы қорытынды есебі
(4-13тамыз  2016 жыл, Польша) Білім және Ғылым министрлігінің   бекіткен бұйрығына сәйкес және халықаралық математикалық лагерьлерді ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша құрама команда құрамында: Исмаилова  Карина–8 сынып оқушысы, Алматықаласы; Муслимов Темирлан - 8 сынып оқушысы, Талдықорғанқаласы; Зинов Виталий- 8 сынып оқушысы, Карағанды қаласы; АдиловаАружан - 8 сынып оқушысы, Қызылорда қаласы; Талғатқызы Айбаршин - 8 сынып оқушысы, Қызылорда қаласы және Жетекші – КудабаеваС.Е. -  халықаралық математикалық лагерьге қатысты.   Лагерь 2016 жылдың 4-13 тамыз аралығында АҚШ, Германия, Польша, Венгрия, Литва, Беларусия, Украина және  Казақстан өкілдерінің қатысуымен Закопан қаласында өтті (135 қатысушы).   Лаг…
«Европейское Кенгуру» - 2016 Халықаралық жазғы математикалық лагерінің қорытынды ақпараты
13-08-2016
0
 «Европейское Кенгуру» - 2016 Халықаралық жазғы математикалық  лагерінің қорытынды ақпараты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Кенгуру-шексіз математика» Еуропалық Қауымдастығының шақыруы негізінде а.ж.  1-7 тамызында Чепеляр қаласында (Болгария) ұйымдастырылған Халықаралық жазғы математикалық лагеріне қатысты. Халықаралық жазғы лагерьдің қатысушылары еліміздегі «Кенгуру» сайысының жеңімпаздары: Юлдашев Михаил, Астана қаласының №3 мектеп-гиназиясының 9 сынып оқушысы, Мырзагалиев Жандос, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Побединская орта мектебінің 8 сынып оқушысы, Хасен Ернар Алматы облысы, Талдықорған қаласының М. Арын атындағы № 24 мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.  Бағдарламаның мақсаты – баланың ішкі әлеуетін өзіндік жүзеге асыруын…
«Weizmann» Халықаралық ғылыми лагерьіне қатысу туралы
01-08-2016
0
«Weizmann» Халықаралық ғылыми лагерьіне қатысу туралы
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы құрама командасының 2016 жылы халықаралық лагерьлер мен мектептерге қатысу туралы» 2016 жылғы 27 маусымдағы №400 бұйрығын орындау негізінде 2016 жылғы 3-15 шілде күндері аралығында Тель-Авив қ. (Израиль) Вайцман атындағы ғылыми институтының жазғы бағдарламасына қатысты. Вайцман атындағы Институт базасында өткізілетін «Weizmann»  Халықаралық ғылыми лагерьге Қазақстан Республикасының дарынды оқушылары жылма жыл қатысып келеді. Білім алушылар үшін бұл институт көпсалалы зерттеу институттарының ішінде алдыңғы қатардағы институттардың бірі. Ресей, Қазақстан, Германия, Израиль, АҚШ елдерінің ғалымдары жаңа жабдықталған зертханаларда жұмыс жасап келеді. Биыл…

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 5 соңғысы