Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
РҒПО "ДАРЫН" кубогы
ЕРТІС ДАРЫНЫ: Биология пәнінен павлодарлық үздік жасөспірімдер
05-10-2017
0
ЕРТІС ДАРЫНЫ: Биология пәнінен павлодарлық үздік жасөспірімдер
Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 2017 жылғы 5 қазан күні биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы жасалды. Биология бойынша үздік білгірлер сайысына 88 оқушы қатысты. Оқушылардың биология пәнін терең білімге деген құштарлығы қуантады. Барлық оқушылар талантты болғандықтан жеңімпазды анықтау қиынға түсті. Төрт сағаттық жарыста озып шыққан жеңімпаз – Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназиясының 8 сынып оқушысы Хуантхан Нурсерик. Екінші орынды  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Аубакиров Руслан, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы  Тоқтар Ырысты иеленді. Үшінші орынға облыстық көп салалы дарынды  бал…
ЕРТІС ДАРЫНЫ: Биология пәнінен үздік жасөспірімдер
05-10-2017
0
ЕРТІС ДАРЫНЫ: Биология пәнінен үздік жасөспірімдер
    Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында 2017 жылғы 5 қазан күні биология пәнінен VIІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы жасалды. Биология бойынша үздік білгірлер сайысына 88 оқушы қатысты.     Оқушылардың биология пәнін терең білімге деген құштарлығы қуантады. Барлық оқушылар талантты болғандықтан жеңімпазды анықтау қиынға түсті.    Төрт сағаттық жарыста озып шыққан жеңімпаз – Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназиясының 8 сынып оқушысы Хуантхан Нурсерик.      Екінші орынды  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы Аубакиров Руслан, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы  Тоқтар Ырысты иеленді.   …
«Кіріктірілген бағдарламаларды мектептегі білім беру кеңістігіне енгізудің әдіс-тәсілдері» атты Халықаралық семинардың ақпарат хаты
16-03-2017
0
Өтетін орны: Қаратеңіз жағалауындағы Слынчев бряг демалыс орны, Болгария. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы халықаралық ынтымақтастық аясында Болгария ғылым академиясымен бірге а.ж. шілденің 16-23 күндері республикамыздың педагогтеріне арналған «Кіріктірілген бағдарламаларды мектептегі білім беру кеңістігіне енгізудің әдіс-тәсілдері»тақырыбында Халықаралық семинар өткізуді жоспарлап отыр. Семинарға еліміздің білім беру ұйымдарының педагогтері және оқушылары шақырылады. Оқушылар үшін тақырыптық ауысым ұйымдастырылады. Мұғалімдерге арналған семинардың мақсаты: кіріктіру қағидасын пайдалана отырып, білім беру процесін ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту. Оқушыларға арналғ…
Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада туралы ақпарат
15-03-2017
0
 Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада туралы ақпарат
2017 жылғы 13-18 наурыз күндері Павлодар қаласында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтуде. Бұл математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен республика бойынша үздік деп танылған оқушылар арасындағы зияткерлік жарыс.          Павлодарлық оқушылардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері республикадағы ең маңыздылардың бірі болып табылады. Республикалық олимпиадаға қатысу – біздің облысымыз үшін үлкен мәртебе, бұл деңгейдегі олимпиада екі рет өтті – 2001 және 2008 жылдары. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 2017 жылғы республикалық олимпиадаға 760 оқушы қатысуда, оның ішінде 89 айтулы халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте…
М.Х.Дулати атындағы №8 гимназиясы
18-10-2016
0
М.Х.Дулати атындағы №8 гимназиясы
2012 жылдан және қазіргі уақытта ҚИО олимпиадасы біздің гимназия оқушылары арасындағы ең қызықыты интеллектуалдық жарыс болып табылады. Қатысу кезінде балалар өз білімдерін тексеру мүмліндігін алды, ал жаңадан келген қатысушылар олимпиадаға деген қызығушылықтарын танытты. Білім алушылар логикалық ойлау, пікірталас, стандартты емес шешу тәслдерінің қыр сырын меңгерді. Қатысшылар үшін өздеріне деген сенім,күш арта түсті. Биылғы оқу жылы №8 мамандырылған гимназия үшін сәтті деп ойлаймыз жәнеде бәсекелі топ болатына сенеміз. РНПЦ «ДАРЫН» орталығы мен ҚИО ұймдастырушыларына табыс пен шығармашылық тілейміз.
Шәкәрім атындағы ОДБ ҮТО ММ
18-10-2016
0
Шәкәрім атындағы ОДБ ҮТО ММ
Қазақстан интернет олимпиадасы оқушылардың білім деңгейін, интеллектуалдық қабілетін жетілдіреді. Олимпиада тапсырмалары  әр ғылым салалары бойынша оқушылардың жалы білім деңгейін көтеруге, ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізеді. Оқушыларды жаңа біліммен қаруландыруға, жаңа ақпарат іздеуге, әлем елдерінің мәдениетімен танысып, білуге үйретеді. 
№45 орта мектебі
18-10-2016
0
№45 орта мектебі
         Құрметті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұжымы!          Қазақстан интернет олимпиадасын ұйымдастыру комитеті ұжымы!          Сіздерге Ақтөбе қаласы «№45 жалпы білім беретін  орта мектеп» КММ ұжымы, 2015-2016  оқу жылында  Қазақстан интернет олимпиадасынан жеткен жетістіктеріміз ескеріліп марапатқа ие болғаны үшін өз алғысын білдіреді.          Оқушы бойындағы білім мен қабілетті ұштастыра отырып, ғылым негіздері бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығын көрсете білуіне мүмкіндік  тудырған ұстаздар еңбегін мақтаныш етеміз! Қазақстан интернет олимпиадасы  әрбі…
М.Арын атындағы ДБА №24 арнаулы лицейі
18-10-2016
0
М.Арын атындағы ДБА №24 арнаулы лицейі
       Біз, 2015- 2016 оқу жылында Қазақстан интернет олимпиадасына қатыстық. Олимпиада тапсырмалары әр оқушылардың ойлау логикасы мен өзіндік дүниетанымын дамытуға қажетті. Өйткені бүгінгі күні тек жалпыға бірдей білім беру стандарты талаптары шегінде емес, олардың бәсекеге қабілетті білім кеңістігінде зияткерлік қабілеті дамыған және  жан - жақты білімі бар тұлға даярлау - ең негізгі мақсатымыз. Бұл тұрғыдан сіздердің жалпы пәндер бойынша оқушы білімін дамытуға даярлаған тапсырмаларыңыз біздің пәндік білімімізді тереңдетіп, ізденушілікке жетелейді. Оқушылардың фундаменталды білімдерін қолданып, басқа оқушылармен салыстырып, өзіндік көзқарастарын, білімін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Ал, мұғалімдердің олимпиадалары өз білімін жетілдіруге және оны шығармаш…
С.Г.Гуденко ат. Дубровинск орта мектебі
18-10-2016
0
С.Г.Гуденко ат. Дубровинск орта мектебі
Республикалық қашықтық олимпиадасына біздің мектеп 2012-2013 оқу жылынан бастап қатыса бастады. Қазірдің өзінде мектеп оқушылары мен ұстаздары олимпиадаға белсенді қатысып, барлық пән олимпиадаларының жеңімпаздары болып табылады. Біз әрқашанда жаңа маусымның ашылуын асыға күтеміз. С.Г.Гуденко ат. Дубровинск орта мектебі үшін 2015-2016 оқу жылы ең сәтті болды. Біз «ДАРЫН» кубогының жүлдегері атандық.  Республика бойынша 3 орын иеленгеніміз үшін, бізді кубок және алғыс хаттармен марапаттады. Олимпиадаға қатысу оқушылар да, мұғалімдер де үшін қызықты әрі пайдалы. Оқушылар бар білімдерін тексеріп қоймай, жаңа білімді игереді. Біріншіден, олимпиада тапсырмалары оқу бағдарламасынан тыс берілгендіктен, оқушылар оны ізденуге үйренеді. Екіншіден, күрделілігі жоғары тапсырмалар…
№10 мектеп-гимназиясы
18-10-2016
0
№10 мектеп-гимназиясы
Біздің мектеп жыл сайын қатысушылар арасында «ДАРЫН» кубогына ҚИО-ның рейтінгісінде  жүлделі орынға ие болады. Бұл, әрине, біздің балаларымыздың еңбегі. Олар ұйымдастырушылар әзірлеген тапсырмаларды, терең қызығушылықпен орындайды. Біз үшін топтық олимпиада ерекше қызық, өйткені оқушылардың арасында ынтымақтастық пен достық байқалады. Тапсырмалар өте тамаша болғандықтан, кейде қызықты пікірталас тудырады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, дамыту процесін бақылап, куанудамыз. Бұл тамаша мүмкіндік үшін РҒПО «ДАРЫН» және ҚИО ұйымдастырушыларына алғысымызды айтамыз. Директордың дарынды балалармен жұмысы жасау орынбасары Бурбаева Айнажан Халихановна 
ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017