Республикалық олимпиадалар және конкурстар
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиада
16-03-2015
0
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиада
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады. Олимпиаданың негізгі міндеттері: - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету; -  патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу; - оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиада Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өткізіледі.  Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады. Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі: 1)  бірінші – аудандық (қалалық) – аудандық және қалалық білім бөлімдері ағымдағы оқу жылының наурыз айында білім басқармасының тиісті органдары дайындаған та…
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» X республикалық педагогикалық олимпиадасы туралы ақпарат
17-02-2015
0
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» X республикалық педагогикалық  олимпиадасы туралы ақпарат
    «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» X республикалық педагогикалық  олимпиадасы туралы ақпарат   Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі – cапалы білім беру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық  олимпиадасын өткізіп тұрады. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтау. Педагогикалық Олимпиаданың ережесіне сәйкес олимпиадаға педагогикалық ЖОО таңдаған жоғары сынып оқушылары, педагогикалық жоғары оқу…
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында өтетін Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық байқауы
13-01-2015
0
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған   музыкалық орта мектеп оқушылары арасында өтетін Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық байқауы
ҚР Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында өтетін Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық байқауыңың (одан әрі Байқау) негізгі мақсаттары мен міндеттері – оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, музыкаға дарынды балаларды кәсіби және шығармашылық тұрғыдан әрі қарай дамыту, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, Қазақстанның музыка өнерін насихаттау. Байқаудың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. ҚР Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында өтетін Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық байқауы оқушылардың көктемгі каникул мерзімінде 2014 жылы наурыз…
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
09-01-2015
0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
Республикада дарынды балаларды анықтау, іріктеу және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін 15 пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өткізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу» ережесі туралы бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді: 1) бірінші кезең – мектептік; 2) екінші кезең – аудандық (қалалық); 3) үшінші кезең – облыстық (Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дәрежесі облыстық олимпиадаға теңеледі); 4) төртінші кезең –республикалық. Республикалық олимпиада жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша I, II…
1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсы
26-11-2014
0
1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсы
Конкурстың негізгі мақсаты  балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурстың негізгі міндеттері: - зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқанқабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; - оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; - қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару. Конкурсқа жас зерттеушілер - 1-7 сынып оқушылары,  жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады. Конкурс үш кезеңде өткізіледі: 1) бірінші кезең – мектептік, ағымдағы жылдың 30 қарашаға дейін білім беру ұйымдарында өткізіледі;…
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары
10-11-2014
0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары (бұдан әрi – ғылыми конкурс) жыл сайын ақпан айында Алматы қаласында өткізіледі.  Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың (Intel ISEF) талаптарына сәйкес – Ғылыми Рецензиялау Комитетімен (бұдан әрі - ҒРК) өткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.  Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi: 1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; 2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету; 3) Қазақстан Республикасын…
Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадаcы
07-11-2014
0
Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиадаcы
Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өткізетін жыл сайынғы іс – шара болып табылады. Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: 1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына  қолайлы жағдай жасау;  2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету; 3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.   Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі: 1) бірінші кезең – өңірлік - 1 қарашаға дейін; 2) екінші кезең – іріктеу…
География пәні бойынша республикалық олимпиада
03-01-2013
0
География пәні бойынша республикалық олимпиада елімізде дарынды балаларды анықтау, іріктеу және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін 15 пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы аясында өткізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу» ережесі туралы бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді. Толығырақ
Республикалық қашықтық олимпиадалар
07-09-2012
0
Республикалық қашықтық олимпиадалар
Қазақстан тариы пәнінен “Тарих ата” қашықтық олимпиадасы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді. Олимпиаданың басты мақсаты: -  оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру; - туған елінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының дағдысын қалыптастыру; -  өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болды. Олимпиада екі кезеңде өтеді: 1 кезең - он-лайн кезең; 2 кезең - қорытынды кезең. Бірінші кезеңде daryn.kz сайтында он-лайн түрде олимпиадаға қатысушылар назарына Қазақстан тарихы пәнінен орта мектеп бағдарламасы бойынша әр…
Экономикадан республикалық турнир
07-09-2012
0
Экономикадан республикалық турнир
«Қазақстан - 2030» стратегиясын сондай-ақ, экономика саласында дарынды балаларға бейіналды даярлықты іске асыру және оқушыларға арналған экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында "Дарын" РҒПО «Джуниор Эчивмент Қазақстан» әлеуметтік қорымен бірлесіп экономикадан республикалық турнир өткізеді. 
Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстары
07-09-2012
0
  Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері кадрларды кәсіби даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін арттыру, республикадағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау көрсету болып табылады. Республикалық конкурсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітіруші курстарының білім алушылары қатысады. Конкурстың қорытынды турына облыстық, Астана және Алматы қалалық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары қатысады.