8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауы

8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауы

13-01-2015

Байқаудың мақсаты мен міндеті: жас дарындар арасынан  гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан –жақты өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, ұлттық ортаны қалыптастыруға  жол көрсетіп, шешендік әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік  шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.

Байқауға республикадағы арнайы мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқау номинациялары 6 бағытта қаралады.

1. Шешендік өнер;

2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза драма);

3. Шығарма (2 сағаттық еркін тақырыпта);

4. Ұлттық аспапта ойнау( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);   

5. Ақындар айтысы;

6. Ақындар мүшәйрасы.

7. Байқау 3 кезеңде өтеді:

Бірінші кезең - аудандық (қалалық), білім мекемелерінің ұйымдастыруымен осы жылғы (30 қаңтарға дейін).

Екінші кезең - облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының ұйымдастыруымен облыс орталықтарында (15 ақпанға дейін).

Үшінші кезең (қорытынды - «Дарын» РҒПО және Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен жалпы командалық топтар сайысы түрінде Түркістан қаласында (19-21 наурызда)) өткізіледі.

Республикалық кезеңге (екі кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу нәтижесінде ережеде көрсетілген өнер түрлері бойынша командалар жасақталуы тиіс).