Қазақстан тарихы пәнінен 5-10 сынып оқушылары арасында XI «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының 1 кезеңінің қорытындысы

Қазақстан тарихы пәнінен 5-10 сынып оқушылары арасында XI «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының 1 кезеңінің қорытындысы

29-03-2016

Қазақстан тарихы пәнінен 5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасы дәстүрлі іс-шара болып табылады.

Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, туған елінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының дағдысын қалыптастыру және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

«Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүреді.

Олимпиаданың 1-ші қашықтық кезеңі www.daryn.kz сайтында а,ж. 28 наурыз күні 1624 оқушы арасында өткізілді. Қатысушыларға 40 минут уақыт аралығында әр деңгейдегі 30 тапсырмаға жауап беру ұсынылды.

1-ші кезеңінің қорытындысы бойынша 59-60 ұпай жинаған 148 жеңімпаздар 20-21 сәуірде Астана қаласының "Нұр Орда" халықаралық мектеп-лицейінің базасында өткізілетін 2-ші (республикалық) кезеңге қатысуға шақырылады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі туралы толық мағлұмат Астана, Алматы қалаларының және облыстық Білім басқармаларына жіберілетін ресми хатта жазылады.  

Ескерту: 1-кезеңге қатысушы сертификатын әр оқушының жеке кабинетінде «Менің сертификаттарым» бөлімінен жүктеп алуға болады.

Сондай-ақ, сертификаттардың ресми шығарылған түрі Астана, Алматы қалаларының және облыстық Білім басқармаларына жіберіледі.