5-10 сынып оқушылары арасында  XІ республикалық «Тарих ата» қашықтық  олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізу туралы

5-10 сынып оқушылары арасында XІ республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізу туралы

04-04-2016

5-10 сынып оқушылары арасында республикалық «Тарих ата»  қашықтық олимпиада жыл сайын өткізілетін шара болып табылады.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.

Олимпиада екі кезең бойынша өткізіледі:

1 кезең – қашықтық;

2 кезең – қорытынды.

Олимпиаданың қашықтық кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 1624 оқушы қатысты. Қашықтық кезеңі бойынша 148 жеңімпаз анықталды, сонымен қатар олимпиаданың қорытынды кезеңіне шақырылды.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі 2016 жылдың 20-21 сәуір аралығында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, тарих кафедрасы базасында өткізіледі. 5-10 сынып қатысушылары Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Сондай-ақ, 8-10 сынып арасында ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар Қазақстан тарихы бойынша өзекті тақырыптарға шығарма жазады.

Екінші күні қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайын аралайды.

Осы жылғы олимпиаданың ерекшелігі, ойындардың Назарбаев Орталығында өткізілуі. Назарбаев орталығында қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көріп, Назарбаев орталығын аралап және интерактивті үстелмен жұмыс  істейтін болады.

Қатысушылардың жетекшілері, тарих пәнінің мұғалімдері үшін семинар сабағы өтеді.

Семинар қатысушыларына қорытынды бойынша сертификаттар беріледі.

Назарбаев Орталығында 21 сәуір күні, сағат 17.00 де олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтеді. 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың еңбектер жинағы кітаптарымен және сертификаттарымен марапатталады.

Қатысушылардың келуі – 19 сәуір 2016 жыл. Қатысушылардың қайтуы – 21 сәуір күні кешкі сағат 19.00-ден кейін.

2016 жылдың 8 сәуіріне дейін Сіздің аймақ бойынша қатысушылардың уақтылы келуін қамтамасыз етіп, кестеге жетекшінің аты-жөнін, байланыс телефондарын көрсетіп жіберулеріңізді сұраймыз. Семинар сабаққа қатысу үшін қатысушылармен келетін жауапты жетекші  тарих пәнінің мұғалімі болуы тиіс. Сондай-ақ «Турист» қонақ үйінің қажет екенін сұраныс хатта көрсетулеріңізді сұраймыз.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне өткен қатысушылар тізімі www.daryn.kz сайтында «Қашықтық олимпиадалар» бөлімінде орналасқан, сондай-ақ қатысушыларыдың тізімі Астана, Алматы қалалары және облыстық білім басқармаларына жіберіледі.

Іссапар шығындары (бару-келу жолақысы; тамақтануы мен жататын орны тәулігіне – 6900 теңге, таңғы ас пен кешкі ас осы бағаның ішіне кіреді, «Турист» қонақ үйі, (Республика даңғылы, 33) жіберуші жақтан төленеді.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қ., Республика даңғылы 34а, тел. 8-(7172)–29-51-59, тел/факс 8-(7172)-29-52-32, және e-mail: b.sh.madina@mail.ru