Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары арасында психологиядан бірінші республикалық қашықтық олимпиаданы өткізу туралы ақпарат

19-09-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2016 жылғы 19-20 қазан күндері білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары арасында психологиядан бірінші республикалық қашықтық олимпиадасын  өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты  - оқушылардың психология ғылымына  қызығушылығын арттыру, педагогика және психология факультетін таңдаған түлектерге мамандық таңдауда көмек көрсету.

Қашықтықтан өткізілетін Олимпиада ережесін жүктеп алу .

Қатысушылар Олимпиада тапсырмаларын www.daryn.kz сайтында онлайн режимде орындайды.

Олимпиаданың  тапсырмаларын орындауға - 40 минут беріледі. Тапсырманың барлық саңы 30 сұрақ.

Олимпиада 19-20 қазан күндері  сағат 10.00-де басталады.

Олимпиадаға қатысу үшін:

1. www.daryn.kz сайтындағы қашықтыңқтан өткізілетін олимпиаданың  тестілеу жүйесінде (егер бұрын соңды тіркелмеген жағдайда) тіркелу.

2. Тіркелуді аяқтаған соң қатысуға өтінім беру. Қатысушының ЖСН нөмірін еңгізу, сондай-ақ тіркеу жарнасын төлегендігін растайтын (сканерленген нұсқасын) түбіртекті жүктеу қажет. (Екіден көп қатысушы болған жағдайда «келесісін қосу» батырмасын басу арқылы жаңа қатысушы қосуға болады).  

3. Тіркелудің соңғы мерзімі 2016 жылғы 18 қазан (қоса санағанда).

Тіркеу жарнасы қатысушы басына 350 (үш жүз елу) теңгені құрайды. Тіркеу жарнасын төлеу үшін реквизиттер төменде көрсетілген.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Дипломдар қатысушының профилінде көрсетілген оқу орнының мекенжайына пошта арқылы жіберіледі.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттарын www.daryn.kz сайтындағы профилдерінен жүктеп алып қағаз нұсқада шығара алады.

Қатысушыларды тіркеу және Олимпиаданы өткізу туралы туындаған қосымша  сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

8 (7172) 29-52-67 / 29-52-13.

 

Тіркелу жарнасы төмендегі есепшотқа аударылуы тиіс:

«Дарын»РҒПО РМҚК

БИН   990240007434

ИИК (IBAN)KZ566010111000021443

БИК  HSBKKZKX  Астаналық филиал №119900

АҚ«Қазақстан Халық Банкі» Астанақ.

КБЕ 16

КНП 861

Төлемнің мақсаты: Психологиядан қашықтық олимпиадасына қатысу.

Қайдан: (облысы, ауданы, қаласы, мектебін жазу керек).