Бірінші республикалық қашықтық  психологиядан олимпиада  ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бірінші республикалық қашықтық психологиядан олимпиада ҚОРЫТЫНДЫСЫ

24-10-2016

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2016 жылы 19-20 қазан күндер аралығында білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары арасында психологиядан бірінші республикалық қашықтықтан олимпиадасын өткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Қатысушылардың профилінде мектептің толық мекенжайының болмауына байланысты, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдарын облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларындағы, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарының мен республикалық білім беру ұйымдарының үйлестірушілерінен ағымдағы жылдың 17 қарашасынан кейін алуларына болады.

Аталмыш олимпиаданың тіркеу жарналарын төлеп, бірақ қатыса алмаған оқушылар 2017 жылының бірінші жартысында олимпиадаға қатыса алады.

 

Сайттағы ақпараттарға назар аударыңыздар!

 

Қосымша мәліметті мына телефон арқылы алуға болады:

8 7172 (29-52-67).