Орындаушылардың XIІ халықаралық «Астана Мерей» байқауын  туралы ақпарат

Орындаушылардың XIІ халықаралық «Астана Мерей» байқауын туралы ақпарат

16-11-2016

Музыка-өнері  саласындағы талантты және  қабілетті жастарды анықтау мақсатында, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы  Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесе отырып 2016  жылдың 6 - 10 желтоқсаны аралығында Астана қаласында жас орындаушылардың  XIІ халықаралық  «Астана Мерей» байқауын өткізеді (ҚазҰӨУ, Жеңіс д, 33).

Байқау мына номинациялар бойынша жүргізіледі: «Баян, аккордеон»

«Ішекті-ыспалы халық аспаптары – қыл қобыз, прима-қобыз, гиджак, кеманча, қияқ, игил, эркле, моринқұр, гудок, құр», «Домбыра», «Ішекті-шертпелі халық аспаптары – шертер, домра-прима, дутар, балалайка, қомыз, рубаб», «Дәстүрлі ән» (халық аспабымен өзін-өзі сүйемелдеу)

Қатысушылардың тіркелуі – 2016 жылдың 6 желтоқсаны сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, жеребе тарту – сағат 17.00 - ден  18.00- ге дейін.

Байқаудың ашылу салтанаты - 6 желтоқсан күні сағат 16.00-де Орган залында.Жабылу салтанаты мен лауреаттарды, дипломанттарды  марапаттау - 10 желтоқсан сағат 12.00-де.

Байқауға қатысу үшін ұсынатын құжаттар: арнайы үлгідегі өтініш; туу туралы куәліктің көшірмесі,  жеке куәлік, жарнаны төлеген квитанция көшірмесі, 1 сурет мына электронды адрескe:  astanamerey2016@mail.ru. жіберулерінізді сұраймыз.

Байқаудыңөткізілу eрежесі мен бағдарламасы www.daryn.kz және www.kaznui.kz сайтында орналасқан.

Өтінішпен бірге команда  жетекшілерінің байланыс телефоны, келіп - кету жол кестелерін көрсетулеріңізді сұраймыз.

Іссапар  шығындары (екі жаққа келіп – кетуі, жататын орны) жіберуші  жақ есебінен төленеді. Оқушылардың тамақтануы «Дарын» РҒПО-ның есебінен төленеді.

Ұйымдастыру комитетінің адресі: Астана қаласы «Дарын» РҒПО,

Республика 34а даң.,  тел: 8 (7172) 29-51-59, тел/факс: 8 (7172) 29-52-32;

ҚазҰӨУ, Жеңіс даң, 33 тел: 8(7172) - 40-41-46,  факс- 8(7172) -40-41-35.