Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша  ІХ Президенттік олимпиаданың қашықтықтан кезеңінің өткені жөніндегі ақпараттық хат

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ІХ Президенттік олимпиаданың қашықтықтан кезеңінің өткені жөніндегі ақпараттық хат

18-11-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2016 жылдың 23 – 26 қараша аралығында Теміртау қаласында (Қарағанды облысы) республиканың 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ІХ Президенттік олимпиадасын өткізеді.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша өткізілетін  олимпиаданың басты идеясы – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, мықты патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту.

Президенттік олимпиада 3 кезеңнен тұрады. А.ж. 20 қазанында– I кезең – аймақтық өткізілді. Аймақтық кезеңде 1024 мектептен барлығы 2708 мектеп бітіруші қатысты. (646-сы мамандандырылған, 855-і ауылдық мектептерден). Оның қазақ тілінде оқытатындары – 1661.

Аймақтық кезеңнің қорытындысы бойынша Президенттік олимпиаданы өткізу ережесіне сәйкес жоғары ұпай жинаған 20 оқушы келесі кезеңге қатысуға ұсынылады: математикадан  5 қатысушы, физикадан- 5,  химиядан – 5, биологиядан -5. ІІ кезеңге республиканың барлық өңірлерінен 233 мектептен 366 оқушы жіберілді (145-і мамандандырылған, 58-і ауылдық мектептерден). Оның қазақ тілінде оқытатындары – 217.

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша ІХ Президенттік олимпиаданың қашықтық кезеңі республиканың барлық өңірлерінде бір мезгілде  а.ж. 11 қараша күні сағат 10.00-де (Астана уақытымен) 356 мектеп бітірушінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интербелсенді студиясы арқылы қамтамасыз етілген  on-line режімінде өткізілді. Тізім қосымшада тіркелінді.