«Қазақстанның дарынды балалары»  атты брифинг туралы ақпарат

«Қазақстанның дарынды балалары» атты брифинг туралы ақпарат

21-11-2016

2016-жылы 17-қараша күні Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жонтаева Ж.А.,«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Қирабаева Ш.А., Астана қаласының интеллектуалдық сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Тоқан Т., Асылханов Н., Қуат Д.,ИманғалиеваК.қатысуымен брифинг өтті.

Ш.Қирабаева өзінің сөзінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ашылуы 1996-жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Жарлыққа қол қойып, орталықтың ашылуына себепкер болған Қазақстан Республикасы Президенті атымен тікелей байланысты екенін айтып өтті.

         Тәуелсіздік жылдары «Дарын» РҒПО-мен дарынды балаларды анықтау мен оқытуда тиімді жұмыстар атқарылды. Осы жылдар аралығында Орталықпен 25 жобасы табысты жүзеге асырылды. Олар: «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстар, Азиялық-Тынық мұхиттық математикалық олимпиадасы, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы, математика, физика, информатика пәндерінен Халықаралық олимпиадалар, химия пәнінен 46-Халықаралық Менделеев олимпиадасы және басқалар.

2016-жылы қазақстандық оқушылар халықаралық деңгейдегі олимпиадаларда 1 236 жүлде иеленді, оның ішінде алтын медальдар – 195, күміс – 367, қола – 648, Құрмет грамоталары- 26.

         Бүгінгі күні республикада дарынды балаларға арналған 124 мамандандырылған білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Оның ішінде  33 мектеп үш тілде білім береді.

Шолпан Ақашқызы Қирабаева Орталықтың алдағы жоспарларына тоқталып өтті.

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында 2016 жылдың23 – 26 қараша аралығында Теміртау қаласында 11-сынып оқушыларының арасында математика, физика, химия және биологиядан ІХ Президенттік олимпиадасы;  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында 6-10 желтоқсан аралығында Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп орындаушылардың  ХII  Халықаралық «Астана-Мерей» конкурсы; Дүниежүзлік EXPO-17 көрмесін өткізетін жылы Астана қаласында химиядан 51-Халықаралық Менделеев олимпиадасының өтетінін мәлімдеді.

Интеллектуалдық олимпиада және сайстардың жеңімпаздары Тоқан Т., Асылханов Н., ИманғалиеваК.өздерінің білімдерінің әр саласында жеткен жетістіктерімен бөлісіп, Қазақстан оқушыларының барлық жетістіктері Тәуелсіздігіміздің арқасында екенін атап өтті.