Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  Вице-Министрінің халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі туралы қорытындысы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-Министрінің халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі туралы қорытындысы

25-11-2016

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығын атап өту қарсаңында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде 2016 жылы 24 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-Министрі Э.А Суханбердиеваның жаратылыстану-математика пәндер бойынша халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі өткізілді.

Кездесудің мақсаты– Вице-Министрді мемлекетіміздің болашақ интеллектуалдық элитасымен таныстыру, талантты балалар мен жастарды іріктеу жүйесін қолдау.

Кездесуде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-Министрі Э.А Суханбердиева сөз сөйледі.

Кездесуде Павлодар қаласы «ЖасДарын» мамандандырылған мектептің оқушысы Мохаммед-Али Амир, Алматы қаласындаға физика-математика мектебінің оқушысы Чан Сон Бе, Алматы қаласы №165 мектеп-лицейінің оқушысы  Цеховой Алексей, Астана қаласы мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Бидайбек Санжар алғыстарын білдірді.

Кездесуге қатысушылар өз жетістіктері туралы әңгімелеп, болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

Дарынды балаларға кездесу соңында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрілігінен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-Министрінің дарынды балалармен кездесуі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Атап айтқанда: «Хабар», «24 KZ», «СТВ», «Inform БЮРО».

Іс-шараны өткізутуралы ақпарат «Дарын» РҒПО және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі сайтына қойылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарына «Дарын» РҒПО директоры Ш.А.Қирабаева, Әбдімомын Нұрсейіт– Шымкент қаласының №1 қазақ-түрік лицейінің оқушысы, Мохаммед-Али Амир- Павлодар қаласы «ЖасДарын» мамандандырылған мектеп оқушысы, Астана қаласы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Бидайбек Санжар сұхбатберді.

Кездесу аясында дарынды балалар Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсияға барды.