«Bebras» Халықаралық ойын-конкурсын  өткізу туралы ақпарат хат

«Bebras» Халықаралық ойын-конкурсын өткізу туралы ақпарат хат

28-11-2016

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың оқуда ақпараттық технологияларды қарқынды түрде пайдалануға талпынысын жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін, ақпараттық мәдениетін, алгоритмикалық және логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында информатика және ақпараттық технологиялардан «Bebras» Халықаралық ойын-конкурсын өткзеді.

Конкурсқа республикамыздың 3-11 сынып оқушылары қатыса алады.

«Bebras» - Интернет тен компьютер арқылы онлайн режимінде өткізілетін конкурс. Конкурсқа тіркелу www.daryn.kzсайтында жүргізіледі.

350 теңге көлеміндегі ұймдастыру жарнасын төменде көрсетілген реквизиттерге 2016 жылдың 23 желтоқсанына дейін жіберілу керек. 

Конкурс 2016 жылдың 23 желтоқсанында өтеді. Турдың тапсырмасын алу сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) қолжетімді болады. Турдың өту уақыты – 60 минут.

Қатысушы 22 желтоқсанға дейін міндетті түрде көрсетілген сайтта тіркелуі тиіс (егер қатысушы алдында осы конкурсқа қатысып, тіркелген болса, онда тіркелуді өту қажет емес, құпиясөзді қалпына келтіру үшін  құпиясөзді еске түсіру тетігін пайдалануға болады).

Қатысу үшін, сұранысты сайт арқылы жіберу жеке және топпен де,төлемнің жүргізілуіне қарай (төлем туралы түбіртек топқа немесе жеке қатысушыға болуы мүмкін) (қатысушыларды тағы қосу тетігі арқылы тіркелуге) болады. Ары қарай бекіту тетігін басу керек.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары мен барлық қатысушылардың сертификаттарын жүктеу 27 желтоқсанда жеке кабинеттерде орналастырылады. 

Қосымша нұсқаулық және қорытындылар www.daryn.kz. сайтында орналасады.  

Қатысушылардың тіркеуіне, конкурстың өтуіне байланысты барлық сұрақтарға жедел желі телефонына хабарласуларыңызға болады: 8 747 701 70 14.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Астана қ., «Дарын» РҒПО,  Республика даңғылы, 34а,  тел.  8 (7172) 295159, 8/7172/ 29-52-66.

РЕКВИЗИТТЕР:    

РГКП  РНПЦ «Дарын»

БИН   990240007434

ИИК(IBAN)  KZ566010111000021443

БИК   HSBKKZKX

Астанинский Региональный филиал №119900

АО «НарБанк Казахстана»  г. Астана

КБЕ  16

КНП 861

Негіздеме : Бебрас.  Қайдан:облысын, ауданын, мектебін көрсету