Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша  IX Президенттік олимпиаданың  қорытынды ақпараты

Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша IX Президенттік олимпиаданың қорытынды ақпараты

28-11-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдан бері ұйымдастыруымен өткізілетін математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау үшін өткізілетін іс-шаралардың бірі болып табылады.

Президенттік олимпиаданың идеясы – қазақстандық оқушылардың білімін жоғарылату, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі Қазақстан Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар аясында,  Елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өткізілді.

Мемлекет Басшысының еңбек тәжірибесі нағыз патриотизмнің үлгісі болып табылады. Еліміздің Президентінің еңбек және саяси отанында 11 сынып оқушылары арасында конкурс өткізу жас қазақстандықтарға, тек қана өзінің білімі мен қабілетін көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ орасан экономикалық әлеуетке ие Қарағанды облысының аса бай қорларымен танысуға мүмкіндік береді.

Республика мектептерінің 2708 түлектері қатысқан Олимпиаданың алғашқы аймақтық кезеңі облыстық білім басқармалары және республикалық білім ұйымдары а.ж. 20 қазанында өткізілді.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша а.ж. 11 қарашада сағ.10.00 (Астана уақытымен) on-line режимінде өткізілген олимпиаданың қашықтық кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан 366 мектеп бітіруші қатысты. Республиканың барлық аймақтарына «Дарын» РҒПО мамандары іссапарға жіберілді.

Дәл осы күні екінші (шығармашылық) тур өткізіліп эссе жазылды.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне екінші кезеңде жоғары ұпай жинаған 155 оқушы а.ж. 23-26 қараша аралығында Теміртау қаласына шақырылды.  

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша алтын медальдар және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломдармен 5 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдар және күміс медальдармен 15 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдар және  күміс медальдармен 18 қатысушы марапатталды.