13-ші Халықаралық физикадан жасөспірімдер олимпиадасына (IJSO) Қазақстан құрама командасының қатысуы туралы қорытынды ақпарат

13-ші Халықаралық физикадан жасөспірімдер олимпиадасына (IJSO) Қазақстан құрама командасының қатысуы туралы қорытынды ақпарат

12-12-2016

2016 жылдың 2-11 желтоқсан аралығында Қазақстан құрама командасы (Бали аралы, Индонезия) 13-ші Халықаралық физикадан жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға 48 мемлекеттен 15-жастағы 276 оқушы қатысты.

Олимпиада физика, химия, биология пәндері бойынша 3 турда өтті. Бірінші теориялық кезең 30 сұрақтан, әр пән бойынша 10 сұрақ берілді, сондай-ақ 2 тур теория бойынша 3 тапсырмадан әр пән бойынша бір тапсырмадан тұрды. 3 тур – тәжірибелік, әр пән бойынша 3 экспериментті орындаудан тұрды.

Халықаралық ғылыми комитетінің мүшелері құрастырған теориялық турдың тапсырмаларының күрделі болуына қарамастан команда қатысушылары тапсырмаларды орындады. Биология пәнінен эскперименталды турды орындау оқушыларға қиындық туғызды. Шамасы мұндай нәтиже білім беру мекемелерінде тәжірибелік тапсырмаларды орындауға ерекше көңіл бөлінбегендігімен байланысты.

Олимпиада жоғары деңгейде өткізілді. Оқушыларға қызықты экскурсиялық бағдарлама ұсынылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды және бейресми командалық есепте 18 орында үздік жиырма команданың қатарына енді:

Алина Гауһартас - «РФММ» КАҚ 10-сынып оқушысы  - күміс медаль;

Әбітаев Жәнібек - Алматы қаласы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы - күміс медаль;

Туленов Дияр – Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы - қола медаль;

Жұмахан  СанжарТараз қаласы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы - қола медаль.