XIІ «Астана Мерей» халықаралық  жас орындаушылар байқауының қорытындысы   туралы ақпарат

XIІ «Астана Мерей» халықаралық жас орындаушылар байқауының қорытындысы туралы ақпарат

15-12-2016

Музыка-өнері  саласындағы талантты және  қабілетті жастарды анықтау мақсатында, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы  Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесе отырып 2016  жылдың 6 - 10 желтоқсаны аралығында Астана қаласында жас орындаушылардың  XIІ халықаралық  «Астана Мерей» байқауын өткізді.

Орындаушылар конкурсының негізгі мақсаты мен міндеті, музыка саласындағы дарынды және қабілетті оқушылар үшін оңтайлы жағдайлар туғызу, олардың ары қарайғы дамуы мен кәсіби бағдарлылығын арттыру, Қазақстандағы ұлттық мәдениетті өзектілендіру, дамыту, отандық және әлемдік деңгейде насихаттау.    

Байқау мына номинациялар бойынша жүргізілді: «Баян, аккордеон», «Ішекті-ыспалы халық аспаптары – қыл қобыз, прима-қобыз, гиджак, кеманча, қияқ, игил, эркле, моринқұр, гудок, құр», «Домбыра», «Ішекті-шертпелі халық аспаптары – шертер, домра-прима, дутар, балалайка, қомыз, рубаб», «Дәстүрлі ән» (халық аспабымен өзін-өзі сүйемелдеу)

Орындаушылар байқауына Қазақстан және Ресейден 7-18 жас аралығындағы оқушылар мына номинациялар бойынша қатысты: «Баян, аккордеон», «Ішекті-ыспалы халық аспаптары», «Домбыра», «Ішекті-шертпелі халық аспаптары», «Дәстүрлі ән».

                     

Номинациялар бойынша қатысушылар:

       

Номинация

Жас ерекшелік

Саны

1

Баян, аккордеон

10жасқа дейін

9

 

 

11-13

5

 

 

13-15

4

 

 

16-18

5

 

 

 

23

2

Ішекті-ыспалы халық аспаптары

7-9

3

 

 

10-12

10

 

 

13-15

11

 

 

16-18

9

 

 

 

33

3

Домбыра

7-9

9

 

 

10-12

13

 

 

13-15

16

 

 

16-18

13

 

 

 

51

4

Ішекті-шертпелі халық аспаптары

7-9

0

 

 

10-12

4

 

 

13-15

4

 

 

16-18

0

 

 

 

8

5

Дәстүрлі ән

10-12

12

 

 

13-15

5

 

 

16-18

10

 

 

 

27

 

 

 

 

 

Барлығы

 

142

 

Конкурсқа қатысушыларды музыка әлемінде танымал, мәдениет саласында еңбек сіңірген отандық музыканттар, Қазақстандық белгілі оқу орындардың мамандары мен оқытушылардан құралған әділ-қазылар алқасы бағалады.

Конкурстың маңыздылығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған  жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, Қазақстанның жоғары музыкалық оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын тағайындауда басым құқық беріледі.

Барлық номинациялардың кіші топ лауреаттары мен диполманттарына РҒПО «Дарын» мен ҚазҰӨУ-ң бірлескен дипломдары берілді. Сонымен қатар лауреаттарға сертификатымен ақшалай сыйлық, ал барлық қатысушыларға және марапатталғандарға «Қазақ ұлттық өнер университетінің» кітабы ұысынылды.