Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
«Ақ бота - 2016» интеллектуалдық марафонының  қорытынды ақпараты

«Ақ бота - 2016» интеллектуалдық марафонының қорытынды ақпараты

21-12-2016

«Дарын» РҒПО Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 28 қазанда республиканың барлық білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында «Ақ бота – 2016» интеллектуалдық марафоны өткізілді.

Марафонның негізгі мақсаты мен міндеттері: дарынды балаларды анықтау мен қолдау, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, оқушылар арасында интеллектуалдық ойындарды, конкурстар, олимпиадаларды тарату, жетістікке жетуге ынталандыру.

  Марафон қорытындысы бойынша  ағымдағы жылы республикалық білім беру ұйымдары оқушыларының танымдық конкурстарға қызығушылықтары артып келе жатқанын байқауға болады. Марафонға қатысудан көшбасшылар қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы (15 000 астам), Қарағанды облысы (14 000 астам), Шығыс Қазақстан облысы (11000 астам) оқушылары. Қатысушылар жағынан Астана қаласы бойынша №5 гимназия (704) және №62 мектеп-лицейі (709) оқушылары көш бастап тұр.

Республика бойынша интеллектуалдық марафонға қатысушылардың 50% астамы ауылдық білім беру мекемелерінің оқушылары екендігін атап өткен жөн.

Жүлделі орындарға ие болған оқушыларға дипломдар мен естелікке бағалы сыйлықтар үй мекен-жайына жіберілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар (14 қатысушы) Ресейдің солтүстік астанасы – Санкт-Петербург қаласына мәдени ауысымға қатысады.   2016 жылғы 22-25 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық сауықтыру орталығы РМКК базасында өткізілетін мәдени-танымдық ауысымға жүлдегерлерге (170 қатысушы) жолдама берілді.  

«Ақ бота - 2016» марафонының қатысушыларына ғылым негіздері бойынша пәндерді оқуда табыс пен келесі конкурс, турнирлер мен олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетуді тілейміз.

Төменде марафонның жеңімпаздары мен жүлдегерлері аймақ бойынша ақпарат берілді.

скачать результаты

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017