САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ АУЫСЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

21-12-2016

«Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында 2016 жылдың 16-20 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласында «Ақ бота - 2016» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарына мәдени-танымдық ауысым ұйымдастырды.

Мәдени-танымдық ауысымның мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, рухани құндылығын,  патриоттық сезімін қалыптастырып, әсем қаламен таныстыру.

Мәдени-танымдық ауысым қатысушылар құрамына Республикамыздың барлық өңірлерінен 7-9 сынып аралығындағы 14 оқушы кірді.

Әрине, оқушыларға мазмұны терең, қаланың көрікті жерлерін толығымен дерлік қамтитын тыңдағанға қызықты және экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.

Эксурсия әлемдегі және Ресейдегі ең үлкен әрі тарихи-мәдени музейлердің бірі – Ұлттық Эрмитаждан басталды. Экскурсияның екінші нүктесі - Санкт-Петербург қаласының ең үлкен әрі ең әйгілі ғибадатханасы-Исаакиевский собор болды.

Оқушылар екінші күні Санкт-Петербург қаласының жалпы шолымдық экскурсиясына барды. Бұл-балалар үшін әдемі қаламен жақынырақ танысудың тамаша мүмкіндігі болды. Осындай турдың аясында оқушылар мәдени астананың тарихи орталығын, көптеген архитектуралық ескерткіштер мен қаланың көрікті жерлерін тамашалап қайтты.

Мәдени-танымдық ауысымның соңына қарай ең есте қаларлық экскурсиялардың бірі - әлемдегі ең танымал парктік ансамбль-Санкт Петербург қаласының маңында орналасқан  Дворцовый Царскосельский -Пушкин қаласына сапар және оның басты қазынасы - Екатерининский сарайын тамашалау  болды.

Оқушылар және олардың ата- аналары сапарды ұйымдастырған Білім және Ғылым Министрлігіне, сонымен қатар «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығына мереке күндерін әлемдегі ең әдемі қалалардың бірінде қызықты, танымдық әрі пайдалы етіп өткізуге қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыстарын білдіреді.