Информатикадан «Bebras» халықаралық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

29-12-2016

 

 

 «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 23 желтоқсанда  информатикадан  3-11 сынып оқушылары арасында «Bebras» халықаралық интеллектуалдық конкурсын өткізді. Конкурсқа  2995 мектеп оқушысы қатысты.   

Барлық қатысушылардың жалпы санының орташа пайызы (45 %) мен орташа ұпайы  анықталып, яғни – 964 оқушы жүлдегер атанды.

І дәрежелі дипломдармен – 61 оқушы; 

ІІ дәрежелі димломдармен – 224;

ІІІ дәрежелі дипломдармен  - 679 оқушы, сондай-ақ барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

Диплом және сертификаттарды 30 желтоқсанда жеке кабинеттен «Менің сертификаттарым» қосымша беттен жүктеп алуға болады.