Ғылым негіздері бойынша өткізілген оқу-жаттығу жиындарының қорытынды ақпараты

Ғылым негіздері бойынша өткізілген оқу-жаттығу жиындарының қорытынды ақпараты

04-01-2017

2016-2017 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ құрама команда мүшелерінің алда өткізілетін Халықаралық олимпиадаларда табысты өнер көрсетуіне дайындау мақсатында 2016 жылдың желтоқсан айының 18 және 29 күндері аралығында Алматы қаласында ғылым негіздері бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті.

Математика, физика, химия, география, лингвистика және биология пәндері бойынша оқу-жаттығу жиындары 2016 жылдың желтоқсан айының 18 және 29  аралығында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткізілді. Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 90 оқушы қатысты.

Информатика пәнінен оқу-жаттығу жиындары 2016 жылдың  желтоқсан айының 18 мен 29 аралығында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында өтті. Жиын барысында 10 жаттығу сайысы өтті. Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 12 оқушы қатысты.

Челноков Г.Р.– ф-м.ғ.к., М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  доценті, Погадаев И.С. және Смирнов К.И.–  лингвистикалық олимпиаданың жеңімпаздары, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультетінің 5 курс  студенттері, Мямин В.Е. – б.ғ.к., Белорус мемлекеттік  университетінің доценті, Бекишев К.Б. – п.ғ.д, әл-Фараби атындағы КазҰУ профессоры, Давлетов А.Е. – ф-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы КазҰУ профессоры, Нурбакова Г.С. – ф-м.ғ.к.,  әл-Фараби атындағы КазҰУ доценті, Нюсупова Г.С. – г.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы КазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі, Мусаев Т.З. – Қазақстан-Британ Техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің бакалавры, тьютор сабақтарды өткізді.