"ЕРТІС ДАРЫН" ӨҚББОӘО: Павлодар облысының зияткерлік әлеуеті

10-01-2017

2017 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 55 облыстық пән олимпиадасы өткізілді.

          Облыстық пән олимпиадасына 3 (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26  команданың 733оқушысы қатысты.    

          Құрамы бойынша саны жағынан ең үлкен командалар – дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі – 56, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі – 49, Павлодар қаласының құрамасы – 59 оқушы.     Аудандар арасында құрамы бойынша саны жағынан ең үлкен командалар – Баянауыл ауданы – 25,  Павлодар  ауданы – 26.

          2017 жылы облыстық олимпиаданың ең көп қатысушылары бар пәндер - ағылшын тілі – 86 оқушы, Қазақстан тарихы пәнінен – 67 оқушы және биология пәнінен – 69 оқушы.

          Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар және оқушылар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша келесі сертификаттарға ие болды:

 «Ең үздік олимпиадалық команда-2017»номинациясында –

Жаратылыстану-математикалық бағыты:І орын - дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі; ІІ орын -«Жас дарын»мамандандырылған мектебі; ІІІ орын - дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты.

Гуманитарлық бағыт: І орын- «Жас дарын»мамандандырылған мектебі;  ІІ орын – дарынды балаларға арналған №3 гимназия; ІІІ орын – облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты және Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты.

«Ең үздік қалалық команда-2017» номинациясында - Павлодар қаласының құрама командасы, 

«Ақыл жастан, асыл тастан»- Кыдыркулова Алия, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6 сынып оқушысы.

«Олимпиаданың жаңа жұлдызы»- Татаринова София, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8 сынып оқушысы.

Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында  295 оқушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде І орын - 63, ІІ орын - 83, ІІІ орын – 149.

9 жоғары нәтиже көрсеткен оқушы 3 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды.

 С.Торайғыров атындағы ПМУ университеті 4, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 3 және Инновациялық Еуразия университеті 2 білім гранттарын ұсынды.