Кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес отырысын өткізу туралы ақпарат хат

11-01-2017

Мектептің дамуы мен жетістігіне бағытталған жаңашыл мектеп директоры қандай болуы қажет?

Қызметкерлермен жұмыс бойынша ағымдағы мәселелерді жетекшілік етумен айналысатын тәжірибелі кадр қызметкері немесе басқарудың жоғарғы тиімді технологияларын енгізу арқылы ұжымның құндылығын құруға дайын қабілетті стратегиялық әріптес пе?

Қазіргі таңдағы директор қандай жеке қасиеттерге, білімге, шеберлікке және дағдыға ие болу керек?

Қандай техника мен құралдарды меңгеру керек? Қандай жүйелерді әзірлеу керек? Қазіргі таңдағы ақиқатты ескере отырып, оларды білім беру игілігіне қалай тиімді енгізуге болады? Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудің сапасы тікелей педагогке байланысты. Біздің миссиямыз – педагогтер мен мектеп басшыларының кәсіби дайындық деңгейін жетілдіру.

Кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – ОӘК) отырысыбарысында «USTAZ» кәсіби Білім беру Орталығымен бірге мектеп басшысының сандық құзіреттілігін дамыту мұмкіндігі және басқарудағы талдау қызметін шебер орындай алатын, ақпараттық-байланыс технологияларды өзінің кәсіби қызметінде қолдануға дайын педагогтер мен мектеп басшыларына ұсынылатын оқудың тиімді әдістері қарастырылады.

Кезекті кеңейтілген ОӘК а.ж. 22-23 ақпанында Алматы қаласында өтеді. Әдістемелік кеңестің пленарлық отырысы «Алатау» шипажайының конференц-залында өтеді.

ОӘК практикалық бөлімі барысында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей және Мұқағали Мақатаев атвндағы №140 мамандандырылған гимназия (Алматы қ.) жұмысының педагогикалық іс-тәжірибесін көрсету жоспарлануда.

ОӘК кеңейтілген отырысының жұмысына ОӘК мүшелері, (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 5 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген) маманадандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары, орынбасарлары шақырылады.

Оқу-әдістемелік кеңес жұмысының басталуы 22 ақпан сағат 09.00 «Алатау» шипажайының конференц-залында.

Іссапар шығындары (жолы, тамағы, тұруы) жіберуші жақтың есебінен төленеді. Қатысушылар үшін «Алатау» шипажайынан алдын-ала орын алынады. Шипажайдың бағасы тәулігіне 13 000 теңге (4 мезгіл тамағы + бассейн сағат 14.00-ге дейін). Шипажайдың мекен-жайы: Алматы қ., Каменка ауылы, «Алатау» шипажайы.

Қатысушылардың келу күні 21 ақпан, іс-шараның аяқталуы – 23 ақпан (сағат 15.00-ден кейін).

Қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж. 30 қаңтарына дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: Астана қ., Республика даңғылы 34 а, тел.: 8/7172/ 29-49-98, факс 29-52-32; e-mail: gulden.berdenova.76@mail.ru.

Барлық сұрақтар бойынша мына тел. (8-7172) 29-49-98, 8-771-100-89-33 хабарласуыңызға болады.

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Облысы,

қаласы

Қызметі

Байланыс телефоны

Қонақ үйдің қажеттілігі

Қатысушының

е-mail