IV «Ясауи» республикалық пәндік олимпиадасын өткізу туралы ақпарат

11-01-2017

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дарынды оқушыларды дамыту және қолдау көрсету мақсатында IV«Ясауи» республикалық пәндік олимпиадасын өткізбек (бұдан әрі – «Ясауи» Олимпиадасы).

«Ясауи» Олимпиадаcы –  білім беру ұйымдарының барлық мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған.

 «Ясауи» Олимпиадасы екі кезеңде  таңдалған: физика, математика, биология, химия, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, жалпы тарих пәндері бойынша өткізіледі.

Iкезең – іріктеу – 2017 жылдың 1, 2, 3, 4 наурызында онлайн түрде өткізіледі;

II кезең – қорытынды –  2017 жылдың 5, 6, 7 сәуірінде Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (Б.Саттарханов даң, 29) базасында өткізіледі.

Қорытынды кезеңнің  I, II, III орын алған жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ішкі грантын және оқу үшін жеңілдіктер алу мүмкіндігіне ие болады. Онлайн түрде өтетін кезеңге қатысу  ақысыз. Олимпиадаға қатысамын деп ниет білдіргендер 2016 жылдың 20 ақпанына дейін www.ayu.edu.kz немесе olimpyad.ayu.edu.kz сайтына тіркелуі  қажет. Барлық қатысушыларға іріктеу кезеңнің өткізілетін күні мен уақыты 20 ақпаннан кейін электронды пошталарына жіберіледі.Тестілеу тілі: қазақ және орыс тілінде. Олимпиаданың Ережесі www.ayu.edu.kz сайтында орналасқан.

Олимпиадаға оқушылардың қатысуын ұйымдастырып және оларға  қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Қорытынды кезеңнің шығындарын (тамақтануы, жататын орны бір күнге «Зияратшылар орталығы» қонақ үйінде (Рабиға Сұлтанбегім көшесі, 14 а) 2500 теңгеден жоғары, сонымен қатар жол шығындары – екі жаққа) жіберуші жақ есебінен төленеді.

Ұйымдастыру комитетімен байланыс: 8 (72533) 63690

Темирбеков Марат –  8(707) 903 93 39,marat.temirbekov@ayu.edu.kz

Алайдаров Ақәділ – 8(777) 649 74 81, akadil.alaidarov@ayu.edu.kz

Төреқұлова Ұлдарай – 8(702)992 03 92, uldarai.batyr@ayu.edu.kz

Мекен-жайы:161200, ҚР, ОҚО, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов 29,  Ректорат ғимараты.

(Тіркелу процесі аяқталған соң, 20 ақпаннан бастап білім беру мекемесіндегі жауапты тұлғаның және қатысушының электронды поштасына Олимпиаданың өтетін уақыты және үміткердің құпия сөзі мен логині хабарландырылады).