«Физика- математикалық білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемелік тәсілдері» атты физика, математика мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік  семинарының қорытынды ақпараты

«Физика- математикалық білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемелік тәсілдері» атты физика, математика мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытынды ақпараты

11-01-2017

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің дамуында, бәсекеге қабілетті қоғам құруда сапалы білім беру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жаңартылған білім беру мазмұнына жоғары талаптар қойылып отыр: білім беру процессінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кіріктіру; оқу қызметінің белсенді түрлерін; білім берудің инновациялық формалары, соның ішінде зерттеу, жобалық әдіс-тәсілдерді енгізу. 

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып,  2017 жылдың 4-7 қаңтар аралығында «Физика-математикалық білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемелік тәсілдері» атты физика, математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, мектептің оқу-тәрбие процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу.

Семинар тақырыбы мына мәселелерді қамтыды: мұғалімдердің ақпараттық коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіби ой-өрісін дамыту, өзін-өзі жетілдіруде мотивациясын дамыту және қалыптастыру.

Семинар дәрістері мен практикалық сабақтарын Абай атындағы ҚҰУ-нің профессорлары мен Республикалық физика-математикалық мектеп, физика-математикалық бағыттағы НЗМ, Haileybury Almaty білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізді.

Қатысушыларға семинар материалдарынан тұратын электрондық нұсқадағы  үлестірмелі материалдар таратылды.

Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін және теориялық материалдар мен практикалық шебер-сыныптардың мазмұндылығы мен нәтижелілігін атап өтті.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.