«Ақ бота-2016» интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарын марапаттау туралы ақпарат

«Ақ бота-2016» интеллектуалдық марафонының жеңімпаздарын марапаттау туралы ақпарат

30-01-2017

Қоғамның дамуына байланысты  барлық саланы жаңалықпен ауқымды түрде ақпараттандыру, жеке білім беру  заманы қалыптасуда. Мемлекеттің дамуы мен гүлденуі адамдардың рухани өсуіне, оқушылардың шығармашылық еркіндігін және  олардың қабілеттерін дамытуға, жеке  мүмкіндіктерін арттыруға тікелей байланысты.

Мектеп қабырғасында интеллектуалдық сайыстар мен марафондар үлкен басымдылыққа ие. Интеллектуалдық сайыстардың пәндік олимпиадалар, ғылыми конференциялар мен әртүрлі факультативтерден басты айырмашылығы-интеллектуалдық қызметті қызықты сайысқа, мейрамға айналдыруы болып табылады. Сондықтан да, интеллектуалдық сайыстарға төменгі сынып оқушыларымен қатар жоғарғы сынып оқушылары да үлкен қызығушылық танытады.

Марафонның басты мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау; оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін дамыту; интеллектуалдық ойындарды, сайыстарды, олимпиадаларды мектеп оқушылары арасында кеңінен тарату; жетістікке жетуге ынталандыру.

«Ақ бота - 2016»  республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы бойынша 2017 жылдың 14 қаңтарында Астана, Алматы, Талдықорған, Тараз және Шымкент қалаларында  салтанатты  марапаттау рәсімі өтті.  Республикалық ұйымдастыру комитеті I дәрежелі дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Ауа-райының бұзылуы, көлік жолдарында  транспорттық көлік құралдары қозғалысының шектелуі салдарынан Солтүстік, Шығыс және Орталық  Қазақстан аймақтарында жеңімпаздармен кездесуді ұйымдастыру мүмкін болмады.  Естелік сыйлықтар оқушылардың почталық адрестеріне жіберілді.

Төмендеестелік сыйлықтармен марапатталған жеңімпаздар туралы ақпарат берілген.