Халықаралық «Русский медвежонок-языкознание для  всех» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау туралы ақпарат

Халықаралық «Русский медвежонок-языкознание для всех» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау туралы ақпарат

30-01-2017

2017 жылдың 21 қаңтарында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтарында Халықаралық «Русский медвежонок-языкознание для всех» конкурсының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Марапаттау салтанаты Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент және Тараз қалаларында өтті. Қазақстанның басқа аймақтарына жеңімпаздардың жүлделері почта желісі арқылы жіберілді.

Конкурстың қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Республикалық ұйымдастыру алқасы барлық конкурстарды ұйымдастырушыларға және олардың ерікті көмекшілеріне алғыс білдіре отырып және  «Русский медвежонок-языкознание для всех» интеллектуалдық конкурсының барлық қатысушыларына жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуда жетістіктер және жарыстар, турнирлер мен олимпиадаларда жоғары нәтижелер тілейді.Төменде сыйлықтармен марапатталатын жеңімпаздар  тізімі көрсетілген.