Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІІ Халықаралық конкурсын өткізу туралы қорытынды

06-03-2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылдың  2-4 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІІ Халықаралық конкурсын өткізді  (бұдан әрі - Конкурс).

Конкурстың негізгі мақсаты - оқушылардың  математика ғылымы саласына қызығушылық танытып, зерттеуге қабілетті  оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурсқа республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми жарыстарының жеңімпаздары қатысты.

Халықаралық конкурсқа барлығы 172 оқушы Қазақстан, Қырғыз Республикасы мен Тәжікістан Республикасынан қатысты.  

Конкурстың өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Конкурстың қорытындысы бойынша алтын медальмен 10 оқушы (9 жоба), күміс медальмен 17 оқушы (14 жоба), қола медальмен 43 оқушы (32 жоба) марапатталды.