2016 жылғы «British Bulldog» халықаралық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

17-03-2017

"Дарын" Республикалығ ғылыми-практикалық орталығының 2016-2017 оқу жылындағы іс-шаралар Жоспарына сәйкес және халықаралық ұйымдастыру комитетімен жасалынған келісім-шарт негізінде 2016 жылдың 14 желтоқсанында жалпы білім беру ұйымдарының 3-11 сынып оқушылары арасында «British Bulldog»конкурсы ұйымдастырылды.

Конкурстың басты мақсаты оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылықтарын арттыру, лингвистика саласында дарынды балаларды анықтау, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

Конкурска Республика аймақтарынан 45 000 жуық мектеп оқушылары қатысты. Айта кетері, қатысушылар санының 50 %  астамы ауыл мектептерінің оқушылары болып табылады.Биылғы оқу жылында Оңтүстук Қазақстан (5946), Қарағанды (4294), Астана қаласы  (4095) оқушылары белсене қатысты.

Республикалық ұйымдастыру комитеті барлық конкурсты ұйымдастырушыларға және олардың ерікті көмекшілеріне алғыс білдіре отырып, «British Bulldog»интеллектуалдық конкурсының барлық қатысушыларына қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқуда  өткізілетін жарыстарда, турнирлер мен олимпиадаларда жетістіктер және жоғары нәтижелер тілейді.Төменде облыстар бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат беріледі.

Ең жоғарғы балл жинаған жеңімпаздардың пошталық мекен-жайларына  атаулы бағалы сыйлықтар мен дипломдар жіберілді.

Список победителей и призеров международного игрового конкурса
«British Bulldog» 
Пройти по ссылке для скачивания :