XXVIII Азиялық-Тынықмұхиттық математикалық олимпиаданың (АТМО)  және XV «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиаданың қорытындысы

XXVIII Азиялық-Тынықмұхиттық математикалық олимпиаданың (АТМО) және XV «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиаданың қорытындысы

18-03-2017

13-15 наурызкүндері Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп XXVIII Азиялық-Тынықмұхиттық математикалық олимпиаданы (АТМО)   және XV «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиаданы өткізді (ЖЖМО).

Осы интеллектуалдық олимпиадаларды өткізудегі негізгі идея – математика саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, дамыту, қолдау және қатысушы елдер арасында білім беру және ғылыми байланыстар жасауға ықпал ету.

АТМО-ға 30-дан астам мемлекет қатысады: Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б.

ЖЖМО-ға Ұлы Жібек жолы жағасындағы орналасқан мемлекеттер қатысады: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Әзербайджан, Қитай, Тәжікстан және т.б.

Қазақстан осы аталған олимпиадаларға 2003 жылдан бастап қатысады.

Ағымдағы жылы Олимпиадаға 88 оқушы Алматы қаласында қатысты және 100 –ден астам оқушы Павлодар қаласында қатысты.

XXVIII Азиялық-Тынықмұхиттық математикалық олимпиаданың жеңімпаздары:

бірінші дәрежелі диапломмен екі оқушы;

екінші дәрежелі дипломмен үш оқушы;

үшінші дәрежелі дипломмен алты оқушы марапатталды.

«Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиаданың жеңімпаздары:

екінші дәрежелі дипломмен бір оқушы;

үшінші дәрежелі дипломмен сегіз оқушы марапатталды.

 

Жеңімпаздарды және жүлдегерлерді құттықтаймыз!