Білім беру ұйымдарының балабақша тәрбиешілеріне, әлеуметтік педагогтарына және бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарларының  қорытынды ақпараты

Білім беру ұйымдарының балабақша тәрбиешілеріне, әлеуметтік педагогтарына және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарларының қорытынды ақпараты

03-04-2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 28-30 наурыз аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында әлеуметтік педагогтарға «Мектептегі білім беруді жетілдіру жағдайында әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекеті», балабақша тәрбиешілеріне «Қазіргі заман талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру жүйесінің даму перспективасы» және бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаңартылған білім мазмұны аясында түзілген 1-сынып оқулықтарымен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері»арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарларын өткізді.

Семинарлардың мақсаты: тыңдаушыларды қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігімен қатар, мектептегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жүзеге асырудағы түйінді құзыреттіліктерімен қаруландыру, мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында балабақша тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру және бастауыш сынып мұғалімдерін 1-сынып оқулықтарымен («Сауат ашу», «Математика», «Өзін-өзі тану») жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру және жаңаша бағалау жүйесін меңгерту.

Семинар бағдарламасында келесі мәселелер қамтылды: балалардың көшбасшылық сапаларын дамыту технологиялары, оқушылардың креативтілік қабілетін дамыту жолдары, оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту технологиялары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың дербестігін қалыптастырудағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың бағыттары, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін МЖББС-2016 сәйкес үлгілеу, құм терапиясы технологиясы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру жолдары, балалардың дамуын психологиялық-педагогикалық диагностикалау, «Сауат ашу» оқулығының және онымен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері, 1 сынып математикасының жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асырудың әдістемелік ерекшеліктері, жаңартылған бастауыш білім мазмұнын оқып-үйренудегі бағалаудың жаңа жүйесі.

Дәріскерлер құрамы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедраларының, әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары құрамынан тұрды: Жұмабаева Ә. Е., Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, профессор, п.ғ.д., «Сауат ашу» оқулығының авторы, Уайсова У.И., профессор, п.ғ.к., «Сауат ашу» оқулығының авторы, Садуақас Г.Т., профессор, п.ғ.к., «Сауат ашу» оқулығының авторы, Астамбаева Ж.Қ., аға оқытушы, п.ғ.м., «Математика» ОӘК-нің авторы («Атамұра»), Оралбекова. А.К., докторант, п.ғ.м., ҰҒПББСО «Бөбек», «Адамның үйлесімді дамуы институты» білім беру сарапшысы (Өзін-өзі тану), Рысқұлбекова А,Д, п.ғ.к., доцент, ПШО, Алматы қаласы филиалының аға менеджері, Сайдахметов Б.С.,доцент, п.ғ.к., Алимбекова А.А.,PhD доктор, Жигитбекова Б.Д.,доцент, псих.ғ.к., Толешова У.Б., әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, п.ғ.к., Ширинбаева Г.К., профессор, п.ғ.к., Берикханова А.Е., педагогикалық шеберлік орталығының тренері, профессор, п.ғ.к., Нургалиева Д.А., п.ғ.к., Аринова Б.А., әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, Халитова И. Р.,профессор, п.ғ.к.,Абишева Ж.А.,доцент, п.ғ.к., Метербаева К.М.,доцент, п.ғ.к., Азимбаева Д. К.,аға оқутышы, Киякбаева У. К., профессор, п.ғ.к., Манкеш А.Е., профессор, п.ғ.к., Атемкулова Н. О., профессор, п.ғ.к., Каримова Р.Е.,аға оқутышы.

Семинар тыңдаушылары өз іс-тәжірибелерінде кездесетін күрделі мәселелердің шешіміне толық жауаптар алғандары туралы кері байланыс парақшасында көрсетсе, семинар қорытындысында өз ризашылықтарын білдірді.

Аталған оқу-әдістемелік семинарға республикамыздың барлық өңірлеріннен 270 педагог  қатысты. Оның ішінде ауылдық жердегі мектептерден - 175, мамандандырылған мектептерден-15 педагог.

Семинарға қатысушы барлық педагогтерге «Дарын» РҒПО сертификаттары тапсырылды.