Ақпараттық хат 11 сынып оқушылар арасында IV республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізуі  жайлы

Ақпараттық хат 11 сынып оқушылар арасында IV республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізуі жайлы

04-04-2017

«Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы ҚР Қорғаныс ғылыми министрлігінің  әскери білім Департаментімен бірлесіп өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау, әскери қызметке қызығушылығын таныту мақсатында, 2017 жылдың мамыр айының 11 – 13 күндері  Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я. Бегельдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің базасында (Мұстафин көшесі, 10) 11сынып оқушылар арасында IV республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізіледі.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

1 кезең - аймақтық  - 20 сәуірге дейін облыстық, Астана, Алматы қ.қ. білім басқармаларында, әскери мектеп-интернаттарында өткізіледі;

 2 кезең -  қорытынды  (республикалық).

Олимпиада ережесі www.daryn.kzсайтында көрсетілген.

Ұйымдастыру комитеті аймақтық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  топтың қатысу сұранысына міндетті түрде үш адам көрсетуі тиіс. Сұраныста жетекшінің аты-жөнін, оның лауазымын, жеке байланыс телефонын, қатысушылардың келіп-кету уақытын көрсетулеріңізді сұраймыз.

Олимпиада екі турда  өткізіледі:

 теориялық – физика, математика және бастапқы әскери дайындық бойынша тестілеу;

практикалық – алғашқы  әскери дайындық және дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындау: жеке саппен дайындық, АК- 74 автоматты бұзу және жинау, кросс 3000 м, 100 м жүгіру және шабыс көпір ағашта тартылу.

Оқушыларды алып келген алғашқы әскери дайындық мұғалімдеріне оқу семинары жүргізіледі.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі а.ж. 11 мамыр күні сағат 12.00-де, жабылуы – а.ж. 13 мамыр күні сағат 12.00-де болады. Қатысушылардың қайту уақыты сағат 15.00-ден кейін. 

Олимпиада қатысушылары  мен жетекшілерінің іссапар шығындары (бару және қайту жолақысы, жататын орны мен   тамақтануы) жіберуші  жағынан төленеді.  Қатысушылардың  орналасатын жері - «Утро» қонақ үйі (Кривогуза, 18, күніне -1500тг., таңғы ас – 500 тг., кешкі ас – 600тг.), телефон 8/7212/438636, 438-661 Түскі ас – ҚРМ - 650 тг. Қатысушылар жататын орнындарына  өз беттерімен жетеді.  

 

Ұйымдастыру комитеті: 01000 Астана қаласы, РҒПО «Дарын», Республика даңғылы 34а, 707 к. тел.: 8 /7172/ 29-51-59, факс 8 /7172/ 29-52-32, e-mail: shafiz.mail.ru қабылдайды.