«Ғылым әлемін ашамыз»   ғарыштық зерттеулер бойынша  XІІІ Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізу қорытындысы туралы

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XІІІ Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізу қорытындысы туралы

10-04-2017

Ғарышкерлер күні қарсаңында 2017 жылдың 5-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XІІІХалықаралық ғылыми жарыстары өтті (бұдан әрі - Жарыс).

Жарыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады.

Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Ғарыш және Жер туралы ғылым саласындағы танымал отандық ғалымдар  шақырылады.

Жарысты өткізу барысында ғарыштық технология саласындағы қатысушылардың ғылыми жобаларды қорғауы және оқушылар әзірлеген экспонаттар көрмесі  ұйымдастырылады.  

Жарыс жұмысы В.Н Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде 5 секция бойынша өткізілді: «Зымырандық техника және инфрақұрылым»,«Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы», «Күн жүйесі».

Сонымен қатар жарыстың бағдарламасына сәйкес Байқоңыр ғарышалаңы мұражайына, «Боран» орбиталдық кемесіне, академик С.П.Королевтың мемориалдық, тұңғыш Жер планетасының ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйленіне және Байқоңыр қаласының мемориалдық және тарихи жерлеріне саяхат: қалалық ғарышкерлер мұражайына, «СОЮЗ» ғарыш тасығыш-зымыран; континентаралық балистикалық әскери зымыран; «Аполлон-Союз» кеңес-американ ғарышқа ұшуына қойылған «Ғарыш-Ғылымға»; қаза тапқан зымыран-сынаушылар; академиктер С.П.Королев, М.К.Янгель, В.Н.Челомей, В.П.Глушко, В.П.Бармин, М.С.Рязанский, Н.К.Кузнецов монументтеріне  саяхат ұйымдастырылды.

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізу туралы Ережесіне сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын тағайындауда басым құқық беріледі.

Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі диплом – 15; ІІ дәрежелі диплом – 35; ІІІ дәрежелі диплом – 48 қатысушы марапатталды.