«ЭКСПО ӘЛЕМІ - 2017» үздік сабақтан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі» қашақтық конкурсы туралы ақпараттық хат

«ЭКСПО ӘЛЕМІ - 2017» үздік сабақтан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі» қашақтық конкурсы туралы ақпараттық хат

14-04-2017

ЭКСПО - 160 жылға жуық тарихында алғаш рет  Қазақстан жерінде өткелі отыр.Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерген болатын.

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.

Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты.

Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында:«Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған «ЭКСПО-2017» қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады» - дейді.

Аталған іс-шараның Қазақстан үшін маңызы өте зор екені баршамызға мәлім.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «ЭКСПО ӘЛЕМІ - 2017» үздік сабақтан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі» қашақтық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты: «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбын насихаттауға ат салысу.

Конкурсқа Ережеге сай ұйымдастыру комитетінің сайтында тіркеуден өткен және сабақтан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесінің электрондық нұсқасын жүктеген мамандандырылған білім беру ұйымдарының ұстаздары қатыса алады.

Конкурсқа тіркелу,сабақтан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесін жүктеу www.daryn.kz сайтының Басқы бетінде жүзеге асырылады.   

Конкурстың Ережесі төменде көрсетілген.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмерілеріне хабарласуға болады: 8/7172/29-49-98.

Дүйсенбай Медет Дүйсенбайұлы  8-702-205-9067;

Бақтияр Сайран Бәкенұлы  8-747-328-8308;

Берденова Гүлден Сериковна 8-771-100-8933;

Кален Лира 8-777-573-3397.