Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

5-10 сынып оқушылары арасында XІI республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының қашықтық кезеңін қорытындысы жайлы ақпарат

14-04-2017

 

Оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерліктерін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында  2017 жылдың 13 сәуір күні «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық  олимпиадасын www.daryn.kzсайтында өткізілді.

Қашықтық кезеңіне  5-10 сыныптардан - 1239 оқушы  қатысты. Қашықтық кезеңінің қорытындысы:

1 орын – 59-60 ұпаймен – 94 қатысушы;

2 орын – 57-58 ұпаймен – 98 қатысушы;

3 орын – 53-56 ұпаймен – 302 қатысушы.

Барлығы – 494 қатысушы орынға ие болды.

Барлық қатысушылар қашықтық кезеңге қатысқандары үшін сертификаттарды а.ғ. жылдың 21 сәуірінде әр қатысушы  жеке өзінің кабинеттерінен жүктеп  нұсқаны  қағазға  шығарып алады.

I, II, III орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның дипломдарын да 21 сәуірде жеке өз кабинеттерінен шығарып алады.

2017 жылдың 11-13 мамыр айында өтетін олимпиаданың қорытынды кезеңіне «Балдәурен» РОСО-на  (Ақмола облысы, Щучье қаласы) - 60, 59, 58 ұпай жинаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер шақырылады.

Қорытынды кезеңінің іссапар шығыстары жіберуші жақ есебінен.

Қорытынды кезеңінің қатысушыларының жататын орны мен тамақтануы – 9000 теңге, экскурсия – 500 теңге.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына қорытынды кезеңге шақырылатын оқушылардың тізімін ақпараттық хаттар арқылы жіберіледі.

Қашықтық кезеңінің жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.

Олимпиаданың қорытынды кезеңінің қатысушылар тізімі қоса беріледі.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017