Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған көптілде білім беру бойынша  «Жаңа мазмұнды білім беру философиясы аясындағы көптілділік және инновациялық идеялар» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытындысы

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған көптілде білім беру бойынша «Жаңа мазмұнды білім беру философиясы аясындағы көптілділік және инновациялық идеялар» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытындысы

21-04-2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 19-20 сәуірі аралығында Ақтөбе қаласындағы үш тілде оқытатын №21 гимназиябазасында мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған көптілді білім беру жөніндегі«Жаңа мазмұнды білім беру философиясы аясындағы көптілділік және инновациялық идеялар» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті.

          Семинардың мақсаты - инновациялық идеялар негізінде көптілді білім беруді жүзеге асырудың перспективасын (болашағын) анықтау, гимназияның іс-тәжірбиесін тарату, талқылау.

           Семинарға білім басқармасынан өкілдер, аймақтық «Дарын» орталықтарының жетекшілері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары мен мұғалімдері қатысты.

         Семинар жұмысының бағыттары:

1.   Жаңа мазмұнды білім беру философиясы негізінде оқыту үрдісін жобалау.

2.   Көптілде білім берудің жаңа инновациялық идеялары.

3.    Бәсекеге қабілетті көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

Семинардың пленарлық отырысы 19 сәуір күні «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында өтті. «Үш  тілді  білу - жаһандық  өмірге  жолдама алу»,  «Көптілді білім беру арқылы  құзыретті тұлғаны қалыптастыру»,  «Көптілділік - бәсекеге қабілеттіліктің негізгі қағидаты» тақырыптарында   республикамызда  үш тілділікті практикаға еңгізген Ақтөбе қаласындағы үш тілде оқытатын    №21 орта мектеп-гимназия, Алматы облысы Ю.Гагарин атындағы № 8 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия және Павлодар облысы Дарынды балаларға арналған №3 гимназия, Батыс Қазақстан облысы С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені мен Астана қаласы №48 мектеп-лицейінің ұстаздары баяндамаларын оқып, көптілді  білім беру саласындағы инновациялық көзқарастарын  ұсынды,  озық тәжірибелерімен  бөлісті.

Семинардың тәжірибелік бөлімі  сәуірдің 20 күні үш тілде оқытатын №21 гимназиясында жалғасты. Жұмыс «Жаңа мазмұнды білім беру философиясы негізінде оқыту үрдісін жобалау»,  «Көптілде білім берудің жаңа инновациялық идеялары»,  «Бәсекеге қабілетті көптілді тұлғаны тәрбиелеу» тақырыптарында бірнеше бағыттарда жүргізілді.

           Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген ұстаздар «Инновациялық идеялар» көрмесін тамашалап, екікүндік жұмыстарын дөңгелек үстел үстінде қорытындылады.  

Видео с семинара

https://www.youtube.com/watch?v=hjOQA3_fxVo

https://www.youtube.com/watch?v=0PP-8esjHi4

https://www.youtube.com/watch?v=D-kq7TReHyg

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017