Балқандық математикалық олимпиаданың нәтижелері туралы ақпарат

Балқандық математикалық олимпиаданың нәтижелері туралы ақпарат

10-05-2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі  №167  «Қазақстан Республикасы құрама командаларының интеллектуалдық жарыстарға қатысуы туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында республиканың құрама командасы 2017 жылғы 2-7 мамыр аралығында Македонияның Охрид қаласында өткен Балқандық математикалық олимпиадасына қатысты.   

Олимпиадаға Балқан түбегінің елінен: Албания, Болгария, Босния және Герцеговина, Грекия, Македония, Румыния, Сербия, Словакия, Түркия, Хорватия және Черногориядан жалпы саны  119мектеп оқушыдан тұратын 20 команда қатысты.

Математиктерден тұратын еліміздің құрама командасы республиканың мамандандырылған мектептерінен төмендегі құрам бойынша жасақталынды:

1.Аманбаева Аружан- О.Жәутіков атындағы «РФММ» оқушысы;

2.Билялов Шынгыс - Алматы қаласының қазақ-түрік лицей оқушысы;

3.Кудайбергенов Алихан - Астана қаласының қазақ-түрік лицей оқушысы;

4.Цеховой Алексей - Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;

5.Шынтай Алуа – О.Жәутіков атындағы «РФММ» оқушысы.

Олимпиада нәтижелері бойынша құрама команда келесідей жетістіктерге қол жеткізді: Кудайбергенов Алихан  пен Аманбаева Аружан күміс алқаларымен,  ал Шынтай Алуа, Билялов Шынгыс, Зиманов Темирхан және Цеховой Алексей қола алқаларымен марапатталды.

Жалпы нәтиже көрсеткіші бойынша, математиктер командасы  6 алқаға қол жеткізіп, Қазақстан Республикасы қоржынын 2күміс және 4 қола алқаларымен толықтырды.

Жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы 4-шы орынға ие болды.