2017 жылғы «Алтын жабағы» халықаралық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат

12-05-2017

Ресей мен Қазақстанның білім саласындағы ынтымақтастығының аясында және оқушылардың әлем тарихы мен қоғамдық мәдениетке деген қызығушылықтарын  арттыру мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (РҒПО) Ресей білім Академиясымен (РБА) бірлесе отырып  2017 жылғы  17-20 ақпан аралығында "Алтын жабағы" халықаралық интеллектуалдық конкурсын ұйымдастырды.

«Дарын» РҒПО-ның  2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары және халықаралық ұйымдастыру комитеті арасындағы жасалған ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде конкурс жыл сайын өткізілуде.

«Алтын жабағы» конкурсының басты ерекшелігі – отбасылық формат, яғни, қатысушылардың тапсырмаларды демалыс күндері үйлерінде орындау мүмкіндігі болып табылады.  Жас ерекшеліктеріне қарай қатысушыларға: 3-4, 5-6, 7-8 және 9-11 сынып топтарына бөлініп, төрт нұсқа бойынша тапсырмалар дайындалады. Тапсырмаларды орындау барысында кез келген ақпарат көздерін, оның ішінде сөздік, энциклопедия, ғылыми және көркем әдебиеттер, сондай-ақ достары мен туыстары тарапынан  көмек алуға болады.  Отбасы форматында тапсырмаларды орындау,  достары мен мұғалімдері және туыстарымен өзара тілдесу арқылы қарым-қатынас орнатуға пайдалы әсерін тигізеді.

Конкурстың басты мақсаты– оқушылардың әлемдік көркем мәдениетінің тарихына қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділігін дамыту,  мәдени ауқымын және оқушылардың танымдық қабілеттерін кеңейту, сабақтан тыс жұмыстардың қарқынын арттыру, сондай-ақ конкурс қатысушыларының өз білімдеріне  балама баға берулеріне мүмкіндік беру.

Конкурсқа қатысу ерікті түрде. Конкурсқа алдын-ала іріктеусіз кез келген оқушы қатыса алады.  Тегін қатысу құқығы жетім балалар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, ауруханалар мен шипажайларға қарасты мектептердің оқушыларына беріледі.

«Алтын жабағы» конкурсына  республиканың барлық аймақтарынан оқушылар қатысты. Қатысушылар саны бойынша алдыңғы қатарда Астана қаласының №3, №5 мектеп-гимназиялары болса, ал облыстар арасында алдыңғы қатарлы болып ОҚО, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстары атанды.

Барлық қатысушыға сертификаттар тапсырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1-2-3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Ең жоғарғы балл жинаған жеңімпаздардың пошталық мекен-жайларына  атаулы бағалы сыйлықтар мен дипломдар жіберілді.

Республикалық ұйымдастыру комитеті  аталмыш жарысты ұйымдастыру мен өткізуде  өз үлесін қосып, атсалысқан  барлық жетекшілер мен мұғалімдерге алғыс жариялайды. «Алтын жабағы» конкурсының барлық қатысушыларына гуманитарлық бағыттағы пәндерді меңгеруде сәттілік тілей отырып, алдағы уақыттарда өтетін жарыстар мен турнирлер және олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектестігін білдіреді.

Төменде ойынға қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі беріледі.