Жоғарғы сыныптар арасында өтетін жыл сайынғы «Кім білгіш?» республикалық on-line турнирі басталды

Жоғарғы сыныптар арасында өтетін жыл сайынғы «Кім білгіш?» республикалық on-line турнирі басталды

18-05-2017

20 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9,10,11 сынып оқушылары арасында республикалық on-line турнир басталады.

Жобаның мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу.

«Кім Білгіш?» турнирі алғаш рет 2016 жылдың күзінде өткізілді. Ойынның екі кезеңі онлайн режимінде өтіп, финалға 2-ші тур  нәтежесі бойынша ең көп ұпай жинаған оқушылар қатысты. Астанада өткен қорытынды ойынына республиканың түрлі аймақтарынан 10 ойыншы қатысып, жеңімпаздар арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар иеленді. Биыл турнир оқушыларға тиімді уақытта - жазғы демалыстарда өткізіледі.

«Кім Білгіш?» ойыны спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 25 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша. Онлайн турнир «Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны бойынша қатысушылар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.

Онлайн турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі - 2017 ж. 20 мамырынан 30 маусымына дейін.

Онлайн турнирге www.qazaq-found.kz  сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

І және ІІ тур 2017 ж. 1 шілдеден 31 тамызға дейін онлайн режимінде өтеді. Финал 2017 ж.  қазан айында Астанада өтеді.

Турнирдің Ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының www.fpp.kz  және Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz  сайттарынан және ресми әлеуметтік желілерінен танысуға болады.

 

Анықтама телефондары: 8(7172) 74-29-09, 74-36-90

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры (әрі қарай – Қор) 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Президент идеяларын мақтанышпен жүзеге асырып жатыр.

 

Қор жұмысы талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды және бәсекеге қабілетті сараптама-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

 

Қор нақты әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешетін идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады. Қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.

 

2017 жылы 80-нен астам жобаны іске асыру жоспарланып отыр.