Информатика пәні мұғалімдеріне арналған  «Cisco IT негіздері»  атты республикалық оқу семинары туралы   ақпарат

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Cisco IT негіздері» атты республикалық оқу семинары туралы ақпарат

29-05-2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Сүлеймен Демирель университеті бірлесе отырып а.ж. 1-15 шілде аралығында білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері үшін «Cisco IT негіздері» атты республикалық оқу семинарын  өткізеді.  

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасау, мектептерде оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдерді ресми Cisco желілер академиясының нұсқаушы (инструктор) ретінде аккредиттеу, және мектеп базасында Cisco желілер академиясын ашу үшін көмек көрсету.

Семинар бағдарламасы мына мәселелерді қамтиды: педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру, кәсіби ой-өрісін кеңейту және болашақта білім беру мазмұнын жаңарту жолында өзіндік жетілуіне мен дамуына мотивациясын арттыру.

Семинарға білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері  шақырылып отыр (қазақ және орыс тілдерінде білім беретін).

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Семинар дәріскерлері Қаскелең қаласындағы Сулейман Демирель университетінің филология және педагогика ғылымдары факультеті мен инженер және жаратылыстану факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамынан тұрады.

Семинарға келу күні – 1 шілде, аяқталуы – 15 шілде (17.00 -ден кейін), семинар ұзақтығы 72 академиялық сағат.

Іс-сапар шығындары (бару-қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Семинар Алматы облысының Қаскелен қаласындағы Сүлеймен Демирель университетінің инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің базасында өтеді.

Университеттің мекен-жайы: Абылай хан көшесі 1/1, тел. 8/7273/079565, 079560.

Семинарға қатысушылар Сулейман Демирель университетінің жатаханасында тұрады. Тұруы, тамақтануы тәулігіне (үш мезгіл) – 6000 теңге.

Семинарға қатысу үшін а.ж. 26 маусымына дейін келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады:https://goo.gl/forms/0P6IJoFevTIces7t2.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: +77079033311.