ЕРТІС ДАРЫНЫ: Павлодар оқушыларының республикалық  Мағжан оқуларындағы жеңісі

ЕРТІС ДАРЫНЫ: Павлодар оқушыларының республикалық Мағжан оқуларындағы жеңісі

23-06-2017

Петропавл қаласында 2017 жылғы 22 маусымда жалынды ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын және ұлттық ой-санасын қалыптастыру мақсатында ХІІІ республикалық  Мағжан оқулары өткізілді. Конкурсқа Қазақстанның 12 облысынан 48 оқушы қатысты.

Павлодар облысының намысын «Толқынмен толқын сырласып...» (ақынның шығармашылығын зерттеу жұмысы), «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» (жас ақындар сайысы) бағыттарында Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушылары Изюмская Жанна, Оразбай Марлен және Лебяжі ауданы Қазы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Тлеуберді Ақжол қорғады.

Республикалық конкурс қорытындысында Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушылары Оразбай Марлен – І дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықты (ноутбук), Изюмская Жанна - III дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықты (ұялы телефон) иеленіп, Лебяжі ауданы Қазы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Тлеуберді Ақжол Солтүстік Қазақстан облысы білім беру басқармасының грамотасымен марапатталды.