ЕРТІС ДАРЫНЫ: «Бастау» 2-4 сынып оқушылары арасындағы республикалық математикалық турнирінің қорытындысы

ЕРТІС ДАРЫНЫ: «Бастау» 2-4 сынып оқушылары арасындағы республикалық математикалық турнирінің қорытындысы

23-06-2017

Алматы қаласы О.Жәутіков атындағы физика-математика мектеп-интернатында 2017 жылғы 19-23 маусым аралығында 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» республикалық математикалық турнирі өткізілді. Турнирге барлығы 47 командада 141 оқушы қатысты. Әр команда 2,3,4 сыныптардың бір оқушысынан құрастырылды.

Турнир бес тур бойынша өткізілді: бірінші және екінші тур – командалық, үшінші, төртінші және бесінші – жеке жарыс.

Павлодар облысынан республикалық турнирге ІV облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздары  қатысты. Олар дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің  команда құрамында Роговский Владимир, Мирошников Глеб, Багрова Алиса және дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің команда құрамында Султанбаева Адина, Абдыгалиев Мадияр, Саясат Айжан.

Турнирдің қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасы топтық сайысында Гран-при иегері болып аталды, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің командасы ІІI дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жеке біріншілікте Павлодар облысының қоржыны 5 күміс медальмен толықты: Роговский Владимир,  Багрова Алиса, Мирошников Глеб, Абдыгалиев Мадияр, Саясат Айжан.  Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Султанбаева Адина көрсеткен ерекше жетістіктері үшін «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.