“Үздік авторлық бағдарлама” республикалық конкурсының ақпарат хаты

14-07-2017

Мұғалім оқытқанша өмір сүреді деген қағида қазіргі таңда ерекше мағынаға ие болып отыр. Кәсіби өсуге бағытталған педагог өз тәжірибесін тарату және педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында қоғамға өзін танытуға ұмтылады. Заманауи оқыту құралын, инновациялық технологияларды жете меңгермей,  мұғалім мамандығының мәртебесін көтеруге, педагог кәсібилігіне қол жеткізу мүмкін емес.    

Бұл мәселелерді шешуде педагогикалық шеберлікті тарататын конкурстар ерекше орын алады. Конкурс арқылы педагог өзінің кәсіби қоғамдағы орнын тауып,  педагогикалық шеберлігін көтеріп, шыңдай алады.

Осыған орай, а.ж. 8-9 қарашасында Алматы қаласының “Алатау” шипажайы базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық конкурсын” (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

Конкурсқа (Конкурсты өткізе Ережесіне сәйкес) педагогикалық өтілі 5 жылдан асқан, жұмыстары екінші іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының педагогтері, республикалық маңызы бар мектептер, “НЗМ” АҚ, балабақша тәрбиешілері қатыса алады. Командалық жұмыстар 2 қатысушыдан аспауы тиіс.

Республикалық Конкурсқа үміткерлерді ұсыну:  

-  мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары;

- білім басқармасы, “Дарын” аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, Назарбаев зияткерлік мектептердің педагогтері үшін “НЗМ” АҚ Басқармасы (ұйымның бірінші басшысымен бекітілген).

«Дарын» РҒПО www.daryn.kz сайтында орналасқан Конкурстың өткізу Ережесіне сәйкес іс-шараның қорытынды кезеңі келесі бағыттар бойынша өтеді:

  1. бастауыш оқыту, тәрбие жұмысы және психологиялық қызмет;

  2. ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия, биология, география, экология);

  3. физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика);

  4. қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (тіл, әдебиет, тарих, құқық);

  5. эстетикалық пәндер бойынша (бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру, технология).

Конкурсқа ұсынылатын сұраныстар мен авторлық бағдарламалардың (талапқа сәйкес) электронды және қағаз түріндегі нұсқаларын а.ж. 10 қыркүйегіне дейін көрсетілген үлгі бойынша мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:

Астана қаласы, Республика даңғылы 34А, БЦ «Нур Тау», 707 (Б) кабинеті, педагогикалық шеберлік зертханасы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Облыстық Білім басқармасының, мектеп басшыларының  сұранысынан бөлек Конкурсқа қатысушы өзі жеке tiny.cc/darynavtor  сілтемесі бойынша 10 қыркүйекке дейін ОНЛАЙН - ТІРКЕЛУДЕН өтуі тиіс.

10 қыркүек пен 10 қараша аралығында Конкурсқа ұсынылған барлық авторлық бағдарламалар сараптамадан өтеді. Сараптама нәтижесі бойынша жұмыстары аталған кезеңге өткен қатысушылар 8-9 қараша аралығында Алматы қаласында өтетін Конкурстың қорытынды кезеңіне шақырылады.

Конкурстың Қорытынды кезеңінде қатысушыларға сараптауға ұсынылған авторлық бағдарламалар қайтарылмайтындықьтан, (Конкурсты өткізудің Ережесі) авторлық жұмыстарының көшірмесі болуы тиіс.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары және “Дарын” республикалық ғылыми практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.  

Конкурс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары жарияланып және дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне енгізіледі.

Іс-шара шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді. Қатысушылардың келу күні - 7 қараша, іс-шараның аяқталуы - 9 қараша (15-00-ден кейін). “Алатау” шипажайында бір адамға тұру құны (4 мезгіл тамақтану, бассейн) 13 000 теңге.

Шипажайдың мекен-жайы: Алматы қаласы, Каменка ауылы, “Алатау” шипажайы.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 29-49-98; 8-777-100-89-33 Гульден Сериковна; е-mail: gulden.berdenova.76@gmail.com

 

 

«Үздік авторлық бағдарлама»
республикалық конкурсын өткізу ережесін жүктеу: