Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32
ГЕОГРАФИЯДАН 14-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

ГЕОГРАФИЯДАН 14-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

08-08-2017

2017 жылғы 2-8 тамыз күндері аралығында Қазақстан құрама командасы Белград (Сербия) қаласында өткен Географиядан 14-ші халықаралық олимпиадаға қатысты.

Олимпиадаға 44 елден 200  оқушы қатысты.

Олимпиада Нидерланды, Португалия, Корея Республикасы, ОАР, Австралия, Тунис, Китай, Германия, Жапония, Польша, Ресей, Қытай сынды әлемнің көптеген елдерінде ұйымдастырылды.

Биылғы жылы төмендегі оқушылар олимпиадаға қатысты, қорытынды бойынша Қазақстан құрама командасы 1 қола  медаль иеленді:  

Нұрмағамбет Данат- Қостанай облысы, Лисаковск қаласы № 3 орта мектебінің 11-сынып оқушысы, қола медаль;

Нұрғазы Айдос - Алматы облысы, Есік қаласы «Білім - инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Әбдіхалил Ербол - Павлодар қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның 11-сынып оқушысы;

Ким Вячеслав - Тараз қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған  «Дарын»  мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. 

Барлық қатысушылар география пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары. Құрама команда жетекшілері: г.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі Нюсупова Г.Н. және география және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушысы Аубакирова Г.Б.

Барлық жетекшілер мен қатысушыларға сертификаттар табысталды.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017