Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

“Ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарының ақпарат хаты

19-10-2017

Кез-келген қоғамға дарынды балалар қажет. Бүгін біздің міндетіміз дарынды балалармен жұмыс жүргізген әріптестердің көпжылдық үздік тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамның заманауи талаптарын ескере отырып, туған жердің ұлттық және мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, талантты балаларды анықтау және дамыту.

Ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың өзінің ерекшеліктері бар, өйткені ауылда қаладағыдай балалар мектеп бағдарламасынан басқа өздерінің білім мен біліктерін дамыта алатын  қосымша білім беру ұйымдары көп емес.

Бұл жерде баланың дамуына, жоғары адами құндылықтарын қалыптастыруда, мәдени тәрбие беретін жалғыз орталық ол -  мектеп.Дарынды балаларды анықтап, дамытуды қамтамасыз ететін, олардың әлеуметтік мүмкіндіктерін дамытатын ауыл мектептеріне жағдай жасау әлеуметтік міндеттердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы “Руханижаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында 29-30 қараша аралығында “Ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі” атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді.

Тәжірибе алмасу алаңы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының мамандандырылған мектептері: Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты және мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты.

Семинардың мақсаты - оқушының қабілетін дамыту үшін шығармашылық орта құру, ауылды жерлерде орналасқан мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; талантты балаларды қолдау және дамыту үшін жағдай жасау, олардың жеке, әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өзін-өзі тануын қамтамасыз ету.

Семинарға дарынды балалармен жұмыс жүргізетін аймақтық ғылыми-практикалық орталықтардың басшылары, орынбасарлары, әдіскерлері және мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады.

Келу күні - 28 қараша, аяқталуы - 30 қараша сағат  19.00-ден кейін.

Семинар қатысушылары SHYMKENT GRAND HOTEL қонақүйінде  тұра алады. Бір адамға тәулігіне тұру құны + таңғы ас 9 500 теңге (тоғыз мың бес жүз) құрайды. 

Қонақүйдің мекен-жайы: Шымкент қ., Республика даңғылы, 6а, байланыс тел. 8/7252/56-71-95, 56-05-60.

Барлық семинар қатысушылары http://tiny.cc/darynuko сілтемесі бойынша міндетті түрде онлайн тіркелуден өтуі тиіс. Барлық семинар қатысушыларына сертификат беріледі.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуыңызға болады: 8/7172/ 29-49-98, 8 7711008933.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017