Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Х Президенттік олимпиада қорытындысы

10-11-2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №465 бұйрығын орындау мақсатында 2017 жылдың 7-10 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің базасында (Теміртау қ.) жаратылыстану-математикалық  бағыттағы пәндер бойынша  Х Президенттік олимпиада өтті.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында өтті. Биылғы олимпиада, Елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өтті.

Республика мектептерінің 2631 түлектері қатысқан Олимпиаданың алғашқы аймақтық кезеңі облыстық білім басқармалары а.ж. 28 қыркүйекте «Дарын» РҒПО-ның академиялық тобының жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес барлық пәндер бойынша құрастырылған арнайы тапсырмалар жиынтығы бойынша өткізілді.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша еліміздің барлық аймақтарының 380 мектеп бітіруші on-line режимінде а.ж. 18 қазанда өткізілген олимпиаданың қашықтық кезеңіне қатысты.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне 163 мектеп оқушылары шақырылды.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша алтын медальдар және І дәрежелі дипломдармен 6 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдар және күміс медальдармен 13 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдар және  күміс медальдармен 21 қатысушы марапатталды.

Жоғары балл жинағандар Алматы қаласы  №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы Шелестов Федор, №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің  оқушысы Ли Олег және Қостанай облысы, Рудный қаласы №5 гимназияның оқушысы Костыря Дарья.  

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017