Онлайн олимпиады: Жүйеге кіру Инструкция Тіркелу
kz ru en
оставить заявку
г. Астана, пр. Республики 34 A
info@daryn.kz
+7 7172 29 52 32

І Ұлттық эвристикалық «Дарын» олимпиадасы

14-11-2017

«UrkerMitec» зияткерлік даму платформасы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірге  І Ұлттық эвристикалық «Дарын» олимпиадасын өткізбек.

Олимпиадаға ұялы құрылғы (смартфон немесе планшет) арқылы «Urker – Mitec» қосымшасын жүктеумен немесе веб-браузер арқылы www.mitec.kzсайтында қатысуға болады.

ҰЭМО-на «Дарын» РҒТО желісіне кіретін барлық мектептер мен лицейлердің 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.  

Мобильді олимпиаданы ұйымдастыру орта білім беру жүйесінде дамудың инновациялық құралдарын бейімдеу үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған Білім мен ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында өтеді.

     

        23 қараша 2017 күні Астана уақытымен сағат 12:00-де, Қазақстан Республикасы бойынша бірегей тур өтеді.  Тур нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сонымен қатар 10 білім беру мекемесі марапатталады.

 

·         ҰЭМО-ның Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі қатысушылары бір уақытта тапсырмаларды орындауға кіріседі. Қатысушыларға тапсырмаларды орындау үшін бірыңғай старттан кейін 30 минут беріледі;

·         ҰЭМО нәтижелері тапсырмаларды орындауға бөлінген уақыт өткен соң, автоматты түрде анықталады;

·         ҰЭМО 4 тақырып бойынша 20 сұрақтан тұратын тапсырмалар кешенін қамтиды: Логика, Тілтану, Жер және ғарыш, Қазақстан мәдениеті. ҰЭМО тапсырмаларын Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының олимпиадалық тапсырмалар жасауда үлкен тәжірибелері бар педагогтары мен ғалымдары әзірлеген;

·         ҰЭМО жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒТО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына, сонымен қатар І, ІІ, ІІІ  санатты естелік сыйлықтарға ие болады;

·         ҰЭМО қорытындылары бойынша, қатысуы мен үлгерімі жағынан ең жоғары көрсеткіштерге ие болған 10 мектеп пен лицей «Дарын» РҒТО кубоктарымен, сонымен қатар ұйымдастыру комитетінің естелік сыйлықтарымен марапатталады;

·         ҰЭМО-ға қатысу ақысыз.

Барлық білім беру мекемелеріне жіберілген құжаттар: Өтініш формасы, ҰЭМО ережесі,

Үйлестіруші мен оқушы нұсқаулықтары.

2017 жылдың 18 қарашасына дейін өтініш формасын толтырып, оны daryn@mitec.kzэл.поштасына жіберу керек.

20 қарашаға дейін қатысушылар Urker – Mitec қосымшасына тіркеліп, жеке кабинет құру керек.

Сонымен қатарwww.mitec.kzтіркелуге болады.

 

Олимпиада жайлы толық мағлұматты 

+7 778 551 92 72,+7 7172 270591, +7 7172 270592, +7 7172270593,

+7 701 2370190 (whatsapp) телефондары арқылы білуіңізге болады.

ТОО Компания Финист, Creative Group ©, 2017